Облыстық сотта съезде айтылған мәселелер талқыланды
4 Декабря 2016 (19:23) | 1708 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық сотында жедел кеңес өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезінде айтылған мәселелер талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Кеңесті ашқан сот төрағасы съезде айтылған басты мәселелерге тоқталып өтті. Оның ішінде, Судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданғандығын, әрбір қазы атына лайықты болуы шарт екендігін нақты айтты.
-Судьялар Одағының жұмысын жандандыру, судьяның шешім шығаруда бейтараптығы, сот ғимаратының қауіпсіздігі маңызды, - деді сот төрағасы Ж.Аланов.
Кеңесте Маңғыстау облысынан қатысқан съезд делегаттары Ақтау қалалық сотының судьясы С.Умирбулатова, Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Г.Метерқұлова баяндама оқыды.
Олар өз сөздерінде жоғарыда айтылған мәселелердің сотта өзекті екендігіне тоқталды. Сондықтан, әрбір судья жаңа Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауға міндетті екендігін, съездің жоғарғы деңгейде өткендігін айтты.
Бүгінде судьяларды жағымсыз жағынан көрсететін ғаламтор жарияланымдары көбеюде. Осы мәселеге тоқтау салу туралы ұсыныс-тілектерсъезд барысында айтылғандығын жеткізді.
Шара соңында қатысушылар ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему