Тәуелсіздік мерекесіне орай сот саласының мамандары марапатталды
20 Декабря 2017 (21:19) | 2211 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін Маңғыстау облыстық сотында облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов бастаған судьялар корпусы мен сот жүйесі ардагерлерінің, медиаторлар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанаттыжиын болып өтті.
Салатанатты жиын мемлекеттік әнұранмен басталып, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде қаза тапқан отаншыл жастар мен батыр бауырларды 1 минут үнсіздікпен еске алуға жалғасты.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тәуелсіздік тарихындағы қол жеткізген жетістіктерге ерекше тоқталды. Атап айтқанда, сот жүйесіндегі өзгерістер, оның ашықтығы мен жариялылығы, азаматтардың құқықтары мен мекемелердің заңды мүдделерін қорғаудағы сот бақылауының күшейтілуі арқылы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуші азаматтар санының артып отырғаны туралы айтты.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай сот жүйесіндегі мінсіз еңбегі, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар судьялар мен қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Ақмарал Ахметова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, доғарыстағы судья Юрий Кузнецов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалімен, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы ЖақсылықАланов Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен, Маңғыстау аудандық сотының доғарыстағы судьясы Итемген Орынбаев Қазақстан Республикасы «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» құрмет белгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, «Судьялар Одағының», облыстық сот төрағасы мен Соттар әкімшісінің алғыстары мен Құрмет грамоталары да өз иелерін тапты.
Сонымен қатар, республикалық «Медиаторлар орталығы» Қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалының өкілі медиация институтын насихаттау және кеңінен қолдануға зор үлес қосқаны үшін бірқатар судья-медиаторлар мен қызметкерлерді арнайы дипломдармен марапаттады.
Салтанатты шара соңы сот қызметкерлері қойған концерттік бағдарламаға және сот жүйесі ардагерлеріне арналған мерекелік дастарқанға жалғасты.
Сондай-ақ, бұл күні Маңғыстау облыстық сотының судьялары Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызын мерекемен арнайы құттықтау үшін үйіне барып, жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Бұл жағымды жаңалықпен Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі бөлісті.
Суретті түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему