Еңселі еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болғай
Курс валют в Актау
на 25/02/2020
 
374.96
378.42
 
405.55
409.75
 
5.8
5.94
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Февраля, 11:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еңселі еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болғай

18 Декабря 2017 (20:56) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева

Кезінде әлем картасының бейнесі әртүрлі соғыстар мен келеңсіз оқиғалардан кейін өзгерер болса, жиырмасыншы ғасыр соңында осы әлем картасы ешқандай дүрбелеңсіз – ақ өзгерген еді, себебі, әлем картасындағы алып жердің алтыдан бір бөлігіне иелік еткен Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына он бес тәуелсіз мемлекет пайда болған еді. Солардың бірі Орталық Еуразия алқабында ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы.   

 

 

Осылайша, Қазақ елінің азаттықты аңсаған түпкі мақсаты орындалып, 1991 жылы өз тәуелсіздігін алды.  

 

Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып келеді.

 

 

Тәуелсіздік алғанымызға тарих өлшемімен алғанда қас қағым сәт болғанымен,  биыл 26 жыл толып отыр.

 

Тәуелсіздік алғаннан бері өзіндік саясатын ұстанған Қазақстан өз рәміздерін, мемлекетіміздің әнұранын, елтаңбасын, туын қабылдады, мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңгені айналымға шығарды.

 

 

1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда мемлекетіміздің Ата – Заңы, тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі болып табылатын ел Конституциясын қабылдадық.

 

Әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылу, әлемдік жоғары деңгейдегі мемлекеттер қатарында болу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасын жариялады.

 

 

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуымыз – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

 

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі ұлт өкілдерінің де отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

 

 

Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мекересі болып табылады.        

                    

Ендеше, тұғыры биік тәуелсіздігіміз баянды болып, бейбітшілігіміз ыдырамай, көк аспанмен астасқан көк туымыз биіктен желбірей берсін!

 

 

Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры 1 –сыныпты заңгер А.Б. Кошев

 

Суреттер yandex.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему