Жаңаөзен қарттарының айтары бар
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 11:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қарттарының айтары бар

4 Сентября 2018 (09:05) | 2693 | Автор: Нурганым Имашева

Осыған дейін Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестері мүшелерінің бірінші съезінде және Қарақия аудандық ардагерлер үйінде көтерілген сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бұл жолы Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты.

 

 

Кезекті кездесудің ардагерлер үйінде өтуі кездейсоқтық емес. Себебі үлкенге - құрметпен, кішіге - ізетпен қарай білген халықпыз. Сол себепті Департамент басшысы Жаңаөзен қаласындағы ардагерлер үйінде болып, қарттармен жүздескенді жөн санады.

 

Басқосуда сөз алған Нұргүл Алмасқызы бүгінде өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауқымды шаралар өткізілуде. Нәтижесі де жаман емес. Десе де қоғамымызда жең ұшынан жалғасу әлі де болса кездесіп отыр. Сол себепті қоғамның барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тарту маңыздылығын жоғалтпай отырғандығын айтты.

 

 

-Егер бұрын тек пара алғандар жауапқа тартылса, бүгінде, керісінше, пара бергенге де жауапкершілік қарастырылған. Сыбайлас жемқорлықты мейлінше төмендету үшін түрлі бағдарламалар енгізілуде.

 

Соның бірі - мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алу сервисі. Яғни, бір терезе қағидаты бойынша бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге тапсыру арқылы қызмет алуыңызға болады. Бұл да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қолға алынған жобаның бірі, - деді ол.

 

Департамент басшысының сөзін мұқият тыңдаған жаңаөзендік қарттар бұл істен шетте қалмаймыз деп сендірді. «Тәрбие-тал бесіктен» демекші сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы әрбір шаңырақта, түрлі басқосуларда жиі айтылып тұрса деген бастаманы бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Осылайша қарттар Отанға деген сүйіспеншілік, еңбекке ұмтылу және адал болу жолында қоғамның барлық өкілдеріне өздерінің ақылын айтып отырмақ.

 

 

Сондай-ақ көпті көрген көнекөз қариялар ұрпақ тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан болуы тиіс дегенді айтты. Бүгінде теледидардан тәлім-тәрбиеге шақыратын бағдарламалар жоқтың қасы, керісінше адамның сана-сезімі және мінез құлқына кері әсер тигізетін хабарлар, зорлық-зомбылық туралы кинолар көрсетіліп жүргендігін айтты. Ал қазіргі таңда адам баласын рухани тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке шақыратын мазмұнды бағдарламалар көбейсе деген ізгі тілектерін жеткізді.

 

Жасыратыны жоқ, бүгінде заңды белшесінен басып отырғандардың қатарында жас мемлекеттік қызметшілер аз емес. Ал сыбайлас жемқорлыққа жол бергендерге - мемлекеттік қызметке жол жабық.

 

 

Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып соққы жасау қажет. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, осындай келеңсіз құбылыстардың бетін аулақ қылу үшін ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс пен арсыздық туралы әңгімелер жастарға көбірек айтылса деген бастама көтерілді.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему