Бірлескен Меморандумға қол қойылды
15 Декабря 2017 (12:29) | 1744 | Автор: Нурганым Имашева
«Мемлекетке қарызсыз» атты жобаның орындалысын қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының прокуратурасы, Ақтау қаласы бойынша «ForteBank» АҚ-ның филиалы және Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі араларында бірлескен Меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандумның басты мақсаты - мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдардың уақытылы өндірілуін қамтамасыз ету және қала тұрғындарына айыппұлдарды төлеу үшін заманауи технологияларды қолдануға мүмкіншілік жасау болып табылады.
Осы шаралардың аясында қазіргі таңда айыппұлдарды уақытылы және ыңғайлы төлейтін терминал бекеттерімен (POS-терминал) жергілікті полиция қызметкерлерін қамтамасыз ету әрекеттері жүргізілуде.
Аталмыш терминал бекеттерінің қолданудың оң қасиеттері:
Біріншіден, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға сол уақытта өзіне қатысты толтырылған әкімшілік қаулысы бойынша айыппұлын терминал бекеті арқылы төлейтін мүмкіншілігі болады.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-ші бабының талаптарына сай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға әкімшілік хаттамасында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығы бар, яғни аталмыш терминал бекеті осы заңнаманың қолданысына оң әсерін тигізеді.
Үшіншіден, терминал бекетін қолдану барысында банкпен пайыздық комиссиялық ұстамдар ұсталмайды.
Төртіншіден, әкімшілік жауапкершілікке тартылушы тұлғамен терминал бекеттері арқылы әкімшілік айыппұлын төлеген жағдайда, толық соммадан бір пайыз өзіне қайтарылады.
Сонымен қатар, терминал бекеттері арқылы әкімшілік айыппұлды өзіне тиесілі кез-келген банкоматтық карточкамен төлеуге мүмкіншілігі бар.
-Жалпы, заманауи технологиялық құрылғыларды қолдану шаралары қала тұрғындарына әкімшілік айыппұлдарды жеңіл түрде төлеуге мүмкіншілік береді және мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімді нәтижелеріне алып келеді деп есептейміз,- делінген Ақтау қаласының прокуратурасынан жолданған ақпаратта.
Суреттерді түсірген: Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему