Бейнеу ауданының әкімі балуанға тұлпар сыйлады
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 22:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеу ауданының әкімі балуанға тұлпар сыйлады

2 Ноября 2017 (17:54) | 4398 | Автор: Нурганым Имашева

Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов жастар арасында дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионыБауыржан Нарбаевты кезекті жеңісімен құттықтап, тұлпар сыйлады. Сонымен бірге шәкірттері талай дүбірлі додаларда топ жарып, аймақтың атын шығарып жүрген маңғыстаулық белгілі бапкер, білікті басшы Манарбек Бисекеновке Алғысхат табыстады.

 

 

19 жасар Бауыржан бұған дейін бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, аймақтың атын аспандатып жүр. Мамыр айында Литваның Каунас қаласында дзюдодан жастар арасында өткен жарыста сәтті өнер көрсетіп, Еуропа кубогының иегері атанды. Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, Азия чемпионы атанған болатын. Жақында жерлесіміз Хорватияда жастар арасында өткен дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алып, ел мерейін өсірді.

 

-Елге келгенде үлкен құрмет көрсетіп, қуанышыма ортақтасып жатқан барша ағайынға алғыс айтамын.

 

 

Самбодан Әлем чемпионы атанған бауырым Рамазан Мамаев пен мені ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы спорт залға келіп құттықтаса, облыс әкімі Ералы Тоғжанов бір топ балуандарды жеке қабылдап, ізгі тілегін білдірді.

 

Мұның барлығы, әрине,қаншама жылғы төккен тердің, нәтижелі еңбектің жемісі деп білемін.

 

Жастайымнан мені спорт залға жетелеп әкеліп, болашағымнан үлкен үміт күткен ата-анама, дзюдо мен самбоның қыр-сырын үйретіп, бауырына басып, баласындай тәрбиелеген бапкерім Манарбек Бисекеновке алғыс айтамын,-дейді жастар арасында дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бауыржан Нарбаев.

 

 

Өз кезегінде облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов Қызан ауылында спорт зал салып,ауыл балаларына жағдай жасаған және аймақта самбо күресінің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін «ҚР самбо федерациясының» медалімен Бейнеубек Әбіловті марапаттады.

 

 

Мұнан кейін Бауыржан Нарбаев өзі білім алған «Абай» атындағы орта мектепте оқушылармен кездесіп, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бейнеудегі филиалында ауыл жастарына шеберлік сабағын өткізді. Аталмыш спорт мектебінде балуандарды білікті бапкер Ғарифулла Бисенбаев жаттықтырады.

 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему