Бос орындар жәрмеңкесі өтті
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 09:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

19 Октября 2017 (12:47) | 2594 | Автор: Нурганым Имашева

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында бүгін 18 қазанда Ақтаудағы «Жастар үйінде» Бос орындар жәрмеңкесі өтті.

 

 

Жәрмеңкені Ақтау қалалық әкімдігі және Ақтау қалалық Жастар Орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бос орындар жәрмеңкесін өткізудегі мақсат – жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді кеңінен тарту, жастарды осы шараға белсене қатысуға шақыру, сонымен қатар жұмыс күші тапшы өңірлерге көшуін ынталандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына көшу бағыттары жөнінде ақпарат беру.

 

-Біз бүгінгі Жәрмеңкеге қатысуға 40 шақты мекемені шақырғанбыз, солардың 25-і өздеріндегі бос орындарды ұсынуға келді. Сонымен қатар, Ақмола облысы Көкшетау қаласынан «НовоПек» ЖШС кәсіпорыны келіп, өздеріне 100 шақты жұмысшыны қабылдауды жоспарлап отыр.

 

 

Биылғы жылға бұл біздің тарапымыздан өткізіліп отырған 6-шы жәрмеңке. Осыған дейін ұйымдастырылған 5 жәрмеңкенің қорытындысымен 50 – ден астам жұмыспен қамтылды. Олар: жұмыссыз азаматтар, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылғандар, жастар тәжірибесі бойынша тартылғандар, қоғамдық жұмысқа жұмылдырылғандар бар, сосын тұрақты жұмысқа да осы мекемелер алып жатыр адамдарды.

 

Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеген 5500-дей азамат хабарласты. Олардың 2800-дейін біз белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтыдық. Олардың ішінде 760 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 350-дейі жастар тәжірибесі бойынша қамтылды. 125 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылды. 210 адамды оқуға жібердік. Компьютерлік сауаттылық, сурдоаудармашы, консультант, әлеуметтік қызметкер, аспазшы, электромонтер, слесарь мамандықтары бойынша оқыттық. 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді курстарда тегін оқыту жүргізілді.

 

 

 Оқуын аяқтаған азаматтарды үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп,  жұмысқа орналастыруға тырысып жатырмыз. Компьютерлік сауаттылық бойынша курстарды адамдардың көпщілігі өздері үшін оқып жатыр, мысалы, қазіргі таңда кең таралған әлеуметтік желілерді пайдалана білу және «Электронды Үкімет» порталын пайдаланып, электронды қызмет түрлерін алуды үйрену үшін, яғни электронды түрде анықтама алу немесе электронды-сандық қолтаңбаны қолдануды меңгеруді көздейді.

 

Сондай-ақ, бүгінгі жәрмеңкеде біз жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Келесі аптадан бастап 2018 жылдан басталатын жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алу туралы жүйеге қатысты толыққанды түсіндірме жұмыстары басталады,-деп мәлімдеді Ақтау қалалық жұмыспен қамту Орталығының директоры Кусаинова Ктай Тілепиевна.

 

Ақтау қаласының тұрғыны Бағдат Өтепов:

-Қыркүйек айынан бері жұмыссызбын. Өзімнің маамандығым техник-технолог. Бүгінгі жәрмеңкеге түйіндемемді алып келдім. Мамандығым бойынша жұмыс іздеймін. Осындай бос орындар жәрмеңкесі сияқты шаралардың жиі өткізілгенін құптаймын. Бұл арқылы көптеген жұмыссыз адамдар жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады деп ойлаймын,-деген  өз ойын айтты.

 

 

Жәрмеңкеде «НИПИнефтегаз» АҚ, «Болашақ-Атырау» ЖШС, КММ «Жаңа Серпін», бірнеше балабақша мекемелері, «Өрлеу» АҚ т.б. біраз кәсіпорындар өздеріндегі бос жұмыс орындарын келушілерге ұсынды.Ақмола облысы Көкшетау қаласынан «НовоПек» ЖШС кәсіпорыны өзіне 100  шақты адамды қабылдап, 1 ай оқыту арқылы жаңадан ашылған каптама тігу кәсіпорнына 22 күндік вахталық әдіспен тегін жатақханамен қамту арқылы жұмыс орындарын ұсынатыны белгілі болды. Ер азаматтарды жабдықтар операторы мамандығына степендия төлеумен, тегін оқытып, жұмысқа қабылдайтыны туралы түсіндіру жүргізді. Отбасылы жұмысшыларды да жанұялық жатақханамен қамту мүмкіндіктерінің барын айтқан кәсіпорын өкілі Ақтау қаласының жұмыс іздеуші азаматтарына ертең 19 қазан күні 10 – 00 сағатта Шығыс-1 шағынауданында жәрмеңке өткізу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні туралы айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему