Полицейлер ардагерге 150 мың теңге сыйлады
9 Мая 2017 (18:38) | 1968 |
Автор: Мира Ботабекова
Ұлы Отан соғысының ардагері Медресин Өмірзақов 72-ші рет Жеңіс мерекесін қарсы алған маңғыстаулық майдангерлердің бірі. Ол мереке күні тәртіп сақшыларының ыстық ықыласына бөленді. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жұмағали Бөкен Бегерұлы мен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жариев Нағашыбай Омарұлы соғыс ардагері Медресин Өмірзақовты үйіне құттықтап барды. 93 жастағы қарияға гүл шоқтарын табыстап, полицейлер атынан 150 мың теңгенің сертификатын тарту етті. Ардагерге ақ тілектерін айтып, бүгінгі бейбіт заман үшін алғыстарын білдірді.
Медресин атай 1924 жылдың 1-қаңтарында Маңғыстауда дүниеге келген. Қан майданға 1942 жылы аттанады. Алдымен Саратов облысының Ершов қаласына шақырылып, сонан кейін Сталинград шайқасына қатысқан. Киев, Павловск қалаларын азат етуге атсалысты. Соғыстан кейін СССР-дің ішкі әскерінде 5 жыл қызмет етуге қалады. Батыр атамыз бірнеше мәрте орден, медаль және басқа да марапаттарға ие болған.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему