Жат ағымнан сақтан, жасөспірім
5 Октября 2017 (12:15) | 3432 | Автор: Нурганым Имашева
«Жау жоқ деме, жар астында», демекші, жер бетінде қауіп-қатер көбейіп тұрған кезеңде сақтанбасқа және сақтандырмауға болмайды. Ата дінінен сауаты да, түсінігі де жоқ жастарды жат ағымдарға қарай бұрып, тура жолдан тайдырып жүрген теріс пиғылдылардан арашалағаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді екені анық. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан шаралар да аз емес.
Таяуда Ақтау қалалық «Боевое братство» қоғамдық бірлестігі Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» аясында Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы ҚазАТК колледжінде осындағы мектептің жоғары сыныптар оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде қоғамдық бірлестік төрағасы Матжан Шаулиев дәстүрлі емес діни ағымдар құрамына енудің зардаптары жайында әңгімелесе, Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Айдос Муталиев Ислам діні, соның ішінде ата-бабаларымыз ұстанған Әбу Ханифа мазхабы туралы түсінік беріп, сырттан келген жат ағымдардан сақтану жолдары жайында айтты. Сондай-ақ олар шәкірттердің дін мәселесіне байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.
«Боевое братство» қоғамдық бірлестігі сол күні түстен кейін аудандық спорт мектебінде «Жат ағымның жетегінде кетпе, жасөспірім» тақырыбында басқосу ұйымдастырды. Оған мектептің дзюдо, еркін күрес және бокс топтары қатысты. Мұнда да тақырыпқа сай тартымды әңгіме өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему