Ақтауда «Каспий серпін толқыны» республикалық форумы бастау алды
Курс валют в Актау
на 19/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
19 Сентября, 04:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Каспий серпін толқыны» республикалық форумы бастау алды

7 Сентября 2017 (22:30) | 1457 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Бүгін Ақтаудағы «Хан-Шахар» салтанат сарайында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» -  «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «Каспий серпін толқыны» республикалық форумының «Мамандығым-мақтанышым» атты жиынының ашылу салтанаты өтті.

            Шараға«Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы 150 студент, облыстық мәслихат депутаттары, жас мамандар,  қоғамдық ұйымдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасының мүмкіндіктері таныстырылып, ақпарат беру үшін колледждер және мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар жиынға арнайы шақырылды.

         Бүгінгі таңда «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша еліміздің 9  облысында 16 000-нан астам студент  білім алуда, оның 3616-сы  - 35 колледжде,  12 793 студент - 26 жоғары оқу орындарында оқып жатыр. 

Мемлекет тарапынан бөлінген гранттар көбінесе педагогика, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, медицина мамандықтарына берілген.  

- Қарт Каспийдің жағасында өткелі отырған республикалық жастар форумына қош келдіңіздер! Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Серпін» бағдарламасымен 1000-ға жуық студент біліп алып жатыр. Биыл Маңғыстаудан түлеп ұшқан 500-ге жуық түлек «Серпін» грантының иегері атанды, - деді Маңғыстау облысы әкімнің кеңесшісі Серікбай Төлетов.

«Серпін» бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы Ұлттық жобалар басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып келеді. Аталмыш басқарманың вице президенті Асқар Талғат Төлеубайұлы:

- Бұл бағдарлама 2014 жылдан бастап түлектерге тегін оқу грантын беруді бастады. Тұрғындар өз аймағында қашан бос жұмыс орны табылады деп күтіп отырмай, қай облыста жұмыс табылса, сонда баруға дайын болғаны жөн.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» — «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының әкімшісі болып тағайындалды.

 Жоба бойынша 2015 жылы - 23, 2016 жылы - 125, 2017 жылы -  1007 студент бітіріп шықса, 2018 жылы - 1911, 2019 жылы  - 4513 студент  бітіріп шығады деген жоспар бар.

 Айта кетейік, «Серпін» бағдарламасы аясында 2017-2018 оқу жылында республика бойынша 4513 грант бөлініп, оның 3793-і жоғары оқу орындарына, 720-сы колледждерге берілді, - деп мәлімдеді.

Ұлттық жобалар басқармасының бастығы Күлзия Қадырқызы Тобатаева:

-Елімізді көркейту¸ гүлдендіру сіздердің қолыңызда. Елбасының, еліміздің сенімін ақтаңыздар. Игеріп жатқан өз мамандықтарыңызды терең меңгеруге, соның жақсы жақтарын көбірек білуге, үйренуге талпыныңыздар. Отансүйгіш рухтарыңыз мықты болсын. Азаматтық жігерлеріңіз ешқашан да мұқалмасын! 

Ата-аналар, мектеп оқушылары, «Серпінге» сеніңіздер! Еліміздің Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық өңірлерінде білім беретін оқу ордаларына түсіп, білім алумен қатар сол аймақтардың экономикасының дамуына өз үлестеріңізді қосуға мүмкіндіктеріңіз мол.

Былтырғы жылы Маңғыстаудан тек 5 пайыз түлек оқуға түсуге ниет танытса, биылғы жылы 500 түлек грант иесі атанды.

Келесі жылы мен Маңғыстау өңірінің жастарының 1 мың жарым грант иеленуіне тілектеспін, - дей келе Күлзия Қадырқызы биылғы жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша  оқуға қабылдау кезінде қолдау көрсеткен облыстық  білім басқармасына және Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына және Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығына алғыс білдірді. Сонымен қатар, аталған қос басқарма басшылары Зейнеп Жұмағалиқызы Тастемірова мен Аманғали Сүлейменұлы Нұрдәулетовты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Ұлттық жобалар басқармасының арнайы мадақтамасымен марапаттады.

Бүгінгі форум Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  Ұлттық жобалар басқармасы мен Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумды өткізудегі мақсат - «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» -  «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы әр өңірдің жастарының арасында байланыс орнатуға, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, жастардың жаңа бастамалары мен идеяларына қолдау білдіру. Сонымен қатар, 18-29 жас аралығындағы жастарға «Серпін» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылының білім грантын иелену жолдары, маңыздылығы туралы мәлімет беру. 

Форумда «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан әр өңірдің түлектері сөз алды.

- Мен Сыр елі, Қызылорда облысының тумасымын. Қазір «Серпін» бойынша Жезқазғандағы «Жезқазған бизнес және көлік колледжінің» 4-курсында оқып жатырмын.

Менің оқып жатқан мамандығым — «Жылжымалы құрамды басқару». Оқу орнымызда Оңтүстік өңірден келген 100 студент білім алып жатыр.

 Жас талапкерлерді білімін шыңдау үшін Жезқазғанға шақырамын! Оқуы да еркін, жасай берсін Серпін, - деді «Серпін» грантының иегері Тілеухан Айдын Бақытұлы.

Жоғары оқу орнының грантын иелену – кез келген түлек үшін арман. «Серпін» жобасы барда бұл арманды жүзеге асыруға бүгінгі жастарда мүмкіндік мол. Грантта оқып, өзің қалаған мамандықты иелену үшін Қазақстанның қай қаласында білім алу маңызды емес. Сол себепті, мектеп оқушыларын арнайы ақпараттандыру мақсатында мұндай ауқымды шараны өткізудің маңызы зор екені сөзсіз. Жиынға қатысқан мектеп оқушылары жас серпіндіктердің жалынды сөздерінен қанаттанып, форумнан ерекше әсер алды.

Республикамыздың барлық өңірінен келген жас серпіндіктер делегацияларының мүшелері үшін форум аясында Каспий теңізі жағалауында орналасқан «Балдәурен» орталығында дөңгелек үстелдер, психологиялық тренингтер, спорттық шаралар мен көңіл көтеру бағдарламалары ұйымдастырылуда.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему