Аймақта жаңа зауыт іске қосылды
Курс валют в Актау
на 11/01/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
11 Января, 14:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта жаңа зауыт іске қосылды

29 Августа 2017 (09:35) | 2175 | Автор: Нурганым Имашева

Конституция күніне орай және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында аймақта темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт жұмысын бастады. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында іске қосылған зауыттың салтанатты ашылуына облыс әкімі Ералы Тоғжанов арнайы қатысты.

 

           

-Маусым айында басталған жоба өз жемісін беріп, бүгін толықтай іске қосылып отыр. Жобаны уәде берілген уақытында іске қосып отырған азаматтарға алғыс айтамын. Бұл жоба өңірде жұмыссыздықпен күресуде де өз септігін тигізбек. Темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт облысымызға ең керекті жобалардың бірі. Сондықтан да мекеме ұжымына толағай табыс тілеймін,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

           

QSM корпорация басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Оспанқұловтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін 800 млн.теңге қаржы жұмсалған.

 

           

-Зауыттың жалпы аумағы 6 гектар жерді алып жатыр. Зауыт 17 түрлі өнім өндіреді. Жобаның қуаты тәулігіне 1200 текше метр темірбетон өнімдерін шығаруға бағытталған. Негізгі шикізат біздің аймақта бар. Олар: қиыршықтас, құм, цемент және арматуралар. Алғашқы кезеңдерде өнімдерімізбен Маңғыстау облысын қамтитын болсақ, алдағы уақытта көршілес облыстармен де тығыз жұмыс жасайтын боламыз. Жылдық тауар айналымын 7 млрд.теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Компанияның бәсекелестерінен артықшылығы - темірбетон жасау үшін жаңа технологияны қолдану болып табылады. Сонымен қатар, бұл - темірбетон құнын айтарлықтай төмендетеді,-деген Ғалымжан Оспанқұлов, зауыт жергілікті 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеді.. 

           

Жалпы, бүгінгі таңда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 17 жоба іске қосылып, 1147 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Екі жобаның жыл аяғына дейін жүзеге асуы жоспарланған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему