Ерен еңбегі лайықты бағаланды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 17:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерен еңбегі лайықты бағаланды

23 Августа 2017 (16:43) | 4178 | Автор: Нурганым Имашева

Спортшылар күніне орай Астанада тәрбиелеген спортшылары  талай байрақты бәсекелерде оза шауып, аймақтың абыройын асқақтатып жүрген маңғыстаулық белгілі бапкер, білікті басшысы Манарбек Бисекенов ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

 

          

Білікті бапкер Манарбек Жұүбатқанұлының шәкірттері Аманбек Құлқаев, Сұңғат Жұбатқан, Нұрболат Сенғалиұлы, Бауыржан Сағынғалиұлы, Бауыржан Нарбаев, Нұркен Домбаев, Манас Иманқұлов, Рамазан Мамаев, Нұрбек Қуанышұлы, Ғайса Қалмұқанов, Ерлан Серіков, Асхат Хапанов сынды балуандар халықаралық жарыстарда жңіс тұғырына көтеріліп, ұстазының үмітін ақтады.

 

Ол жеңіске жету жолында аянбай тер төгіп, тынымсыз еңбек етті. Алғашында өз туған жері Шетпеде жаттықтырушы боп, болашақ балуандарды жарыстарға дайындады. Ерте тұрып, шәкірттерінің барлығын мектептің стадионында жинап, арнайы жаттығу жасатып, жүгіртетін.

 

Жас спортшыларды жеңіске жетелеп, намысты қолдан бермеуге баулып,  өз бойындағы бар жақсы қасиеттерін шәкірттерінің бойына сіңірді. ел намысын қорғайтын мықты спортшы дайындау үшін біраз тер төкті. Соның нәтижесінде шәкірттері де талай дібірлі додаларда ауылының мерейін өсіріп, үнемі жүлделі орындардан көрінді.

 

 

Кейін қызмет бабымен облыс орталығына ауысқан Манарбек, көп ұзамай облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды. Қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші атағын иеленді.

 

Сондай-ақ ҚР-ның «Дзюдо тарланы» деген орденімен марапатталып, ҚР-ның мәдениет жәнеСпорт министрлігінің «Спортты дамытуға қосқаны үшін» төсбелгісіне ие болды. 

 

-Дана халқымыз «Не ексең, соны орасың» дейді. Төл мерекемізде ҚР мәдениет және спорт министрінің қолынан «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін алдым. Еңбегіңнің еленгені, әрине, көңілге қуаныш сыйлайды.

        

Бұл - еселі еңбектің, қаншама жылғы төгілген тердің жемісі деп білемін. Қуантатыны, соңғы кездері  аймағымызда спорт саласын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Облыс көлемінде республикалық, халықаралық деңгейде бірқатар турнирлер үздіксіз өткізіліп жүр.

 

Одан бөлек, ауылдық жерлерде жастардың спортпен айналысуына да жақсы ден қойылған. Оған дәлел, Жыңғылды ауылында, Бейнеу, Маңғыстау аудандарында дзюдо және самбо күресінен арнайы секциялардың ашылуы. Біз осындай қарқынмен жұмыс жасай білсек, әлі талай Маңғыстаудың білекті, жүректі балуандары Олимпиада төрінде өнер көрсетіп,  жеңіс тұғырына көтеріліп, көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтататын болады,-дейді белгілі бапкер, білікті басшыМанарбек Бисекенов.

 

Марапатыңыз құтты болсын, Манарбек Жұбатқанұлы! Ел абыройын асқақтатып, аймақта спортты дамыту жолында атқарған ерен еңбегіңіз жана берсін, Қазақ елінің мәртебесін көтерген байрақты бәсекелердегі шәкірттеріңіздің жеңістері  мерейіңізді өсіріп, даңқыңызды асырсын деген жүрекжарды тілегімізді білдіреміз. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему