Ақтаулық құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретті
17 Июля 2017 (11:37) | 2640 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласындағы «Нұр плаза» жағажайларының бірінде Маңғыстау облысы ТЖД Ақтау қаласы Төтенше жағдайларының басқармасының қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында мектеп жанындағы лагерлерде тәрбиеленуші балаларға спорттық іс -шара өткізді.
Сайыстарға 100-ден аса бала қатысты, олар «Қуаныш», «Ақмаржан», «Балдаурен», «Қызғалдақ», «Жалын», «Ақжелкен», «Ботақан» және «Самал» аталған 8 командаға іріктелді.
Ойындар 3 санаттан тұрды: команданы таныстыру, эстафета, флэшмоб.
- Ең бастысы - балалар риза болса болды. Біздер қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін үйретуге тырысамыз.
Соның ішінде біз үйреткіміз келгенді ойын ойнатумен жеткіземіз, өйткені ойын арқылы балалар білімді жақсы меңгереді. Балалар өрт қауіпсіздігін сақтау туралы білімдерінжақсы жағынан көрсетті, - деп атап өтті Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлы.
Сайыс қорытындысы бойынша лагерлердің ішінде 1 орынды «Ақжелкен» командасы иеленсе, екінші орынды - «Ботақан» тобы жеңіп алды, ал үшінші орын - «Самал» командасына бұйырды.
Барлық командаларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар,құтқарушылар балғындарға суда өзін қалай ұстау туралы, суда құтқару қызметіжайлы алғашқы медициналық көмек туралы бейнеролик көрсетті.
Балалар сүйіспеншілікпен суда құтқарушылардың костюмдерін киіп қарады және құралдарын қолданып көрді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему