Еңбек даулары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 10:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еңбек даулары бойынша татуласу рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

27 Июня 2017 (20:23) | 2229 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Талқылауға судьялар, медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдардың және кейбір заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

 

 

Семинар жұмысы басталар алдында облыстық соттың татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьясы Гүлжахан Иманғалиева мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Салтанат Абдухадирова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

 

Г.Иманғалиеваның айтуынша, құжат татуласу рәсімдерін дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс тәртібімен шешуде кеңінен дамытуға бағытталған. Оның пікірінше, Меморандумға қол қою қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дауларды соттан тыс шешуге ықпал етеді.

 

 

Семинар барысында қатысушылар еңбек қатынастарына қатысты халықаралық заңнама мен жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі ережелер танысып, еңбек дауларына қатысты татуласу және медиация рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылады.

 

 

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы Айзада Сейілханова Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдеріне тоқталып, өңір бойынша талап қоюшылар көп жағдайда бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне еңбекақы өндіру, жұмыс берушінің еңбек ету кезінде келтірген моральдық және материалдық зиянына өтемақы өндіру туралы талаптармен жүгінетіндігін атап өтті.

 

 

2017 жылы облыс көлемінде ағымдағы жылы соттар еңбек дауларының санаттары бойынша 109 азаматтық іс қараған, соның ішінде, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру бойынша 36, бос жүрген күндеріне еңбек ақысын өндіру бойынша 47, басқа да еңбек даулары бойынша 26 азаматтық істер қаралды. 11 іс бойынша дау татуласу рәсімдері мен бітімгершілік келісімдерін бекіту арқылы аяқталды.

 

 

Жиынға қатысушы медиаторлар бітімгершілік рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктерін белсенді түрде талқылады, судьяларға дауларды бітімгершілік және медиативтық рәсімдерін қолдану арқылы шешу тәжірибесі туралы сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

 

 

Г.Иманғалиева қатысушыларды еңбек даулары бойынша татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау ісіне белсенді қатысуға шақырды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему