«Гидрант» операциясы өтті
27 Июня 2017 (11:24) | 2888 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда «Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі адамдар көп шоғырланатын нысандардағы өрт гидранттарының жай-күйін, жұмысқа жарамдылығын тексеру мақсатында арнайы рейд ұйымдастырды.
Жылына екі рет – көктем-жаз маусымы мен күзгі-қысқы мезгілде арнайы шара ретінде ұйымдастырылып, жүргізілетін тексерулердің нәтижесінде мүмкін боларлық қауіптің алдын алу, оқыс өрт оқиғасы орын алған жағдайда оны шұғыл сөндірудің амалдары қарастырылады.
Арнайы операцияны өткізу үшін өртсөндірушілер облыс орталығының 16 шағынауданында орналасқан халық көп жиылатын бірден-бір нысан – «Ақтау» ойын-сауық орталығына барды. Нысанға тиесілі өрт гидрантының жұмысқа жарамдылығын тексерген құтқарушылар, оның техникалық жай-күйі дұрыс, жұмыс істеу қабілеті көңіл көншітерліктей екеніне көз жеткізді. Арнайы құрылғының көмегімен гидрантты іске қосып, жарамдылығын байқады.
«Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жүйелі кезекшісінің көмекшісі азаматтық қорғау аға лейтенанты Есназаров Қайрат:
-Техникалық байқау жүргізілу мерзімінде Маңғыстау облысы аумағында 3099 дана өрт гидранты (ӨГ) және 337 дана өрт суаты (ӨС) тіркелді. Жылына екі рет - көктем-жаз және күзгі-қысқы маусым кезінде Ақтау қаласындағы «Каспий Жылу Су арнасы» («КЖСА») МКК-мен және ЖаңаӨзен қаласындағы «ӨзенИнвест» МКК, сонымен қатар өзге де аудандық су шаруашылық мекемелерінң өкілдерімен бірге осы арнайы рейдті өткіземіз.
Аталған гидранттар мен өрт суаттарының ішінен 2417 ӨГ және 294 ӨС жарамды деп танылды. Ал 659ӨГ және 35 ӨС жарамсыз болып шықты.
Арнайы байқаулар нәтижесінде осындай ақаулы ӨГ мен ӨС анықталған жағдайда біз тиісті мекемелер – Ақтау қалалық ТЖ басқармасы мен облыстық ТЖ Департаментінің жауапты бөлімдеріне хат жазу арқылы оларды анықталған кемшіліктер туралы хабардар етеміз. Егер мұндай ақаулар белгілі бір нысандардың аумағында байқалса, олардың иесіне ескерту хатын жазамыз.
Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша жалпы саны 977 ӨГ мен 58 ӨС бар. Олардан 718 ӨГ және 43 ӨС жарамды болса, 252 ӨГ мен 10 ӨС жарамсыз екені анықталды. Бүгінде қаламыз бойынша өрт гидранттарының саны өскенімен, жарамсыздық деңгейі де артып отыр.,- депмәлімдеді.
Өртсөндіру қызметі маманының айтуынша, «Ақтау» ойын-сауық орталығына тиесілі өрт гидранттары үнемі жарамды қалпында. Көктемде наурыз айында өткізілген өрт-тактикалық жаттығуы кезінде де осы нысанның барлық ӨГ-ның жай-күйі толық тексерілген болатын, яғни олардың техникалық жарамдылығының байқауы өткізілді.
Естеріңізде болса, биылғы жыл басында Ақтаудағы «РуссКаз» базарында үлкен өрт шығып, ол нысандағы өрт гидранттарының жарамсыз болуына байланысты өртті дер кезінде сөндіру мүмкін болмады».
- «КЖСА» МКК-теңгерімінде-499 ӨГ бар, соның ішінде 112-сі істен шыққан. Ақтау қаласы бойынша жарамсыз ӨГ-ын атап айтсақ, олар: 9 шағынаудан «Халық банкі» - 1 дана ӨГ бар, ол су көзінен ажыратылған, 14 ш/а «Звезда Актау» бизнес орталығында 2гидрант, екеуі де жарамсыз. 15 ш/а «Оазис» тұрғын-үй кешенінде 4 ӨГ бар, олардың 3 гидранты жарамсыз жағдайда. «Дукат» тұрғын үй кешенінде 1 гидрант бар, оның штогы ашылмайды, жарамсыз күйде.
Облыстық аурухананың 3 гидрантының 1-уі жарамсыз, 27 ш/а «Бәйтерек» сауда орталығындағы 2 гидранттың екеуі де жарамсыз, ал 32 ш/а Ш.Есенов атындағы университеттің 10 гидрантының 5-уі жарамсыз,- дегенҚайрат Есназаров бұдан өзге де көптеген нысандардың жарамсыз гидранттарын мысалға келтірді. Олардың барлығы дерлік адамдар көп шоғырланатын нысандар екенін ескерсек, «қауіпті жағдай екен» деген қорқыныш сезімі пайда болып, кейбір ірі өрт оқиғалары ойға оралды.
14 шағынауданда орналасқан «Тамшалы» кешеніндегі жарамсыз өрт гидрантын өз көзімізбен көрдік рейд барысында. Көрген сәтте, қауіптің алдын алу шаралары күшейтілмесе – болмас, әйтпесе, «мынадай жарамсыз гидранттар ертеңгі күні өкініштің орын алуына себепші болмасына кім кепіл?» деген ойғақалдық.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему