Үш күн теңізде болған жігіт аман қалды
24 Июня 2017 (19:18) | 2463 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстауда таңғажайып оқиға орын алды. Суға кетіп, із-түссіз жоғалған бозбала аман қалды. Ақшұқырдағы жағалаудан шомылуға түскен жігітті толқын алып кетіп, екі күн, үш түн бойы теңізде болған. Баку қаласына екі рет жүзіп барып, 1000 шақырымды еңсерген. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.
Қырық жыл аштық келсе, ажалды өледі. Абылай Сүлейменов өліммен алпыс сағат арпалысып, аман қалды. Ол 20 маусым күні кешке досымен бірге теңізге түседі. Алайда, толқын күшейіп, киіпкеріміз жағаға шыға алмай қалады. Жолдасы шарқ ұрып құтқаруға тырысқанымен, Абылай алыстап кете барады. Бір қызығы, осы сын сағатта қорқыныш сезімі болмапты.
Абылайдың жоғалғанын ата-анасы ертесі күні білген. Дереу төтенше жағдайлар қызметі мен полицияға хабарлап, іс қозғалды. Бірнеше күн бойы тікұшақтар теңізді тінтіп шықты. 22 маусым күні жігіт тірі табылғанда, үміті үзілген туыстары сенерін де сенбесін де білмеген.
Нұрлан Көмеков, А. Сүлейменовтың ағасы:
-Табылған кезде жыладық. Иранның кемесі қазақтың кемесіне мінгізді. Сол күні Ақтау портынан күтіп алдық. Бірден жедел жәрдеммен алып кетті.
Қазір 25 жасар жігіттің жағдайы жақсы. Дәрігерлер әуелі жан сақтау бөліміне жатқызғанымен, есін жиғасын палатаға ауыстырған. Алпыс сағат бойы көз ілмей, тамақ ішпеген жігіт бірден аяғына тұрып кетті.
Есет Шахатбаев, МО ауруханасы жарақат бөлімі меңгерушісінің м.а.:
-Жан сақтау бөліміне түсті. Тамақ ішкенде қыжыл бар. Жігітте қорқыныш жоқ. Өзі жүріп тұрады. Дәл мұндай жағдайды тбірінші рет кездестіруіміз.
Абылайдың әрі жағадан алыстап кетуіне, әрі аман қалуына мына көлік шинасы сеп болған. Сол күнгі желдің жылдамдығы да күшті болыпты. Сағатына отыз шақырыммен жүзіп отырып, Бакуға екі рет барып келген. Сол жақта Иран кемесінің экипажы жігітке көмек қолын созған.
Жүрек жұтқан жігіт көлік резеңкесінің ішінде отырып, жағаға жеткенше көз ілмеген. Себебі, сәл кірпігі айқасса болды, ажалмен қауышатынын білді. Ол осы қатерлі сәттерде жаратқаннан бір ғана нәрсені сұрапты. Ол - "аман-есен жағаға жету".
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему