Маңғыстау құтқарушылары теңізде тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз етті
20 Января 2019 (11:43) | 2324 | Автор: Нурганым Имашева
«Крещение» мейрамына орай 2019 жылдың 19 қаңтарында теңізде төтенше және қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз етті. Әрбір қатысушыға қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерінің айтуынша, «Аталған мейрам кезінде теңізге суға түсуге көптеген адам батылдық танытып жатады. Бұл әрекет барлық адамға қауіпсіз емес. Теңізге суға түсу пайдалы, алайда қауіпті, сондықтан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы ережелермен таныстыруды қажет деп санайды. Шомылуға дұрыс және қауіпсіз жерді таңдау қажет. Кейде, адамдар қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Оның соңы қайғылы оқиғаға әкеледі».
-Осы жылы теңізге шомылушылар саны 500-ден астам адамды құрады.
Азаматтар құтқарушылардың талабына бағына отырып, олардың бақылауымен суға түсті. Сонымен қатар «Тарас Шевченко» ескерткішіне қарама –қарсы 4 –ші шағын ауданда және №13 үйге қарама –қарсы 15 шағын ауданда, сонымен қатар 1-ші шағын аудандағы Ақтау қалалық құтқару бөлімшесінде посттар қойылды.
Ақтау қаласында теңізде шомылып жүрген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 29 құтқарушы және 5 дана техника, сонымен қатар жүзу құралы - қайық жұмылдырылды.
Құрық кентінде, Кендірлі демалыс орны, Форт-Шевченко қаласында Құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет атқаруға ауыстырылды.
Аудандарда теңізде шомылып жүрген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 13 адам және 4 дана техника жұмылдырылды,- деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему