Ақтауда аудандық патриоттық әндер жеңімпаздарының концерті өтті
2 Декабря 2016 (13:46) | 2489 | Автор: Нурганым Имашева
«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне» орай 30 қарашада Ақтау қаласында «Арман» Жастар орталығында мерекелік кеш өтті. Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының 2016 жылғы әлеуметтік тапсырысы бойынша «Халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және патриотизмді орнықтырып құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында аудандық патриоттық әндер жеңімпаздарының қатысуымен өткен концерттік шараны «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Мәдени шара қоғамдық бірлестік төрайымы, облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, қатысушылардың жетекшілері, облыс жастары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Концертке аймақтың аудан-қалаларынан келген аудандық патриоттық әндер жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті.
Түпқараған ауданынан келген Өтешова Іңкәр, Жұмағазиева Динара, Жағалбай Асем, Пернепес Нияз, Мұнайлы ауданынан қатысқан Мұхамбет Сандуғаш, Бейнеу ауданынан - Атабаева Мөлдір, Жаңаөзен қаласынан келген қатысушы Нұрғазы Оразбаев, Қарақия ауданынан - Жансая Ерсайынова, Қайсар Қарақожа патриоттық әндерді орындап, жастардың рухын көтерді.
Қатысушылар әндерді өте керемет, тыңдарманның жүрегіне жеткізіп орындай білді. Сонымен қатар концертке қонақ ретінде «Бозторғай», «Күншуақ», «Ақкөгершін» республикалық шығармашылық байқауларының дипломат, лауреаттары, Алматы, Астана, Көкшетау, Бурабай төрінде өткен түрлі конкурстардың жеңімпаз, жүлдегерлері, «Арман» аула клубы, №28 мектептің «Гүлдерайым» оркестрі қатысып, кеш қонақтары белгілі әндерге «Попурри» және «Желтоқсан желі» әнін жоғарғы деңгейде орындады.
Концерт соңында қатысушылар Алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему