Ауылшаруашылық саласы әкімнің назарында
Курс валют в Актау
на 30/03/2020
 
392.46
397
 
445.47
451.15
 
5.45
5.72
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
30 Марта, 13:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ауылшаруашылық саласы әкімнің назарында

16 Июня 2017 (11:17) | 873 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстауда үш мыңға жуық адам ауыл шаруашылығымен айналысады. Кәсіп ашып, өз ісін өрбітіп отырғандарға мемлекеттік бағдарламалардың берер пайдасы зор. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерге облыс әкімдігі де қолдау көрсетуде. Бұл туралы аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың төралағалығымен өткен облыстық экономикалық кеңестің отырысында сөз болды. "Бұдан басқа жиналғандар өңірдегі ауылшараушылық саласының қазіргі жағдайы мен болашаққа бағдары туралы пікір алмасты",-деп хабарлайды "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы.

 

Жиналыс аясында 9 жоба таныстырылды. Ең ірісі - бекіре тұқымдас балық өсіретін кешен жобасы. Құны бір миллиард теңгені құрайды. Жаңа зауыт 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтымақ. Жылына 90 мың тонна балық еті, 2 мың тонна уылдырық өндіріледі. Алайда, болашағынан зор үміт күттірген жобаның тиімсіз тұсы да жоқ емес. Негізгі себеп - ауыз су тапшылығымен байланысты.  Сабақты ине сәтімен. Кәсіпкерлер оңтайлы сәтті пайдаланып, облыс әкімінен инфрақұрылымды бизнеске икемдеу мәселесін сұрады. Түпқарағанда салынатын құны 1 миллиард 200 миллион теңгенің құс зауытына электр энергиясы керек. Осы мәселе шешімін тапса, жылына 3200 тонна құс еті өндіріліп, 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 

Кездесу барысында түйе шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды. Қазіргі кезде Түпқараған ауданында шұбат, қымыз өндіретін шағын цех тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бірақ қожалық иесі субсидия ала алмай отыр.  Мәселенің мән-жайын "Қазақ маркетинг" өкілдері түсіндіріп берді. Тараптардың талаптарын орындауды аймақ басшысы орынбасарына тапсырды. Жиында айтылған мәселелер тек сөз жүзінде қалмақ емес. Облыс әкімі жобаларды өз бақылауында ұстап, қажетті көмегін беретінін айтты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему