Ақтау қаласы прокурорының орынбасары азаматтарды қабылдады
29 Июня 2017 (18:44) | 1946 | Автор: Нурганым Имашева
Прокуратура органы мен «НұрОтан» партиясы арасындағы әріптестік Меморандум аясында, 28 маусым 2017 жылы Ақтау қаласы прокурорының орынбасары С.Абдуллаев жергілікті мәселелер бойынша тұрғындардың рөлі мен ынталылығын арттыру мақсатында «НұрОтан» партиясы Ақтау қалалық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.
-Аталған іс-шараға әр түрлі сұрақтарымен 5 жеке тұлға қатысты. Олар еңбек заңнамасына және құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне қатысты шағымдармен жүгінді.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары ауызша түсіндірілді,- делінген Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему