ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күні
17 Мая 2017 (13:00) | 3020 | Автор: Нурганым Имашева
Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде әлем бойынша халықаралық ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қаза болғандарды еске алу күні өтеді. Мұны 1983 жылы Сан-Францискода (АҚШ) алғаш рет ЖИТС проблемасына жеке басы шалдыққан (не олардың жақындары шалдыққан) америкалық топ ұйымдастырған болатын.
Дүниежүзілік АИТВ-дан және ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күні АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарды қолдау күні боп саналады. Шындығында, ЖИТС адамның гомосексуализм, нашақорлық сияқты жаман әдеттері үшін жаза емес, оған кез-келген адам тап болуы мүмкін.
ЖИТС жұқтырғандардың ешқайсысы бұл ауруды жұқтырғысы келмеген. ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың еңбек ету және баспаналы болу, емін-еркін қозғалу құқығын қоса алғанда, теңдей азаматтық құқығы бар. Барлық адамдар оны жұқтырмау үшін ақпарат алуы керек.
Үкімет өзінің АИТВ (адам иммунитетінің тапшылығы вирусы) жұқтырылған азаматтарына теңдей медициналық көмек алуына кепілдік беруі тиіс.
Дүние жүзілік еске алу күні–ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдармен бірге екендігін білдіру, ЖИТС індеті біздің әрқайсымызға жұғуы мүмкін екендігінен қоғамды хабардар ету мақсатында өткізіледі.
Өмірден өткен көптеген адамдар жайлы еске алуда киімге қадалатын қызыл лента, мата қиындыларынан тігілген түрлі-түсті жайма бүгінде квилтке айналды. Осы атрибутты суретші Фрэнк Мур 1991 жылы ойлап тапқан. Қазіргі кезде дүниежүзілік ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күні осы акцияның белсенділері мен оған бей-жай қарамайтын қатардағы адамдар өз киімдеріне қызыл лента тағады.
Сонымен қатар әлемде жыл сайын 1-желтоқсанда дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес күні өткізіледі.
Бүгінгі таңда АИТВ қауіптілігі жер шарының барлық түкпірінде белгілі болғанына қарамастан, осы инфекциялық аурудың таралу қарқыны мен адамдардың тиісті емдеуден өтуі тым жиі және жылдам болып отыр. ЖИТС-тен қайтыс болудың басым көпшілік жағдайы (АИТВ-инфекциясы дамуының терминалды сатысы), АИТВ оңды адамның мамандандырылған антиретровирусты ем алу мүмкіндігінің болмауына байланысты пайда болады.
Қазіргі заманға сай медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ инфекциясы секілді ауру кісі өліміне әкелетін разрядтан созылмалы разрядқа ауысты.
Уақытылы антиретровирусты препаратпен емдеуді бастау және дәрігердің барлық нұсқауын сақтау арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды әрі ұзақ өмір сүре алады. Осынау дәрілік препараттардың арқасында АИТВ оңды адамдардың өмір сүру сапасы, АИТВ-сы жоқ адамдардың өмір сүру сапасынан ешбір айырмасы болмайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ оңды адамдар үшін антиретровирусты терапияның қолжетімділігін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауда.
ЮНЭЙДС мәліметіне сүйенсек, әлемде 37 миллионға жуық АИТВ жұқтырылғандар бар. Жұмсалып жатқан күш-жігерге қарамастан, жыл сайын бұрынғыша алты мың адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырады. ЖИТС әсерінен болатын аурулардан 20 миллион адам қайтыс болған.
Қалыптасқан дәстүр бойынша облыста Дүниежүзілік АИТВ-дан және ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күні халықтың көп жиналатын жерлерінде – «Мағаш», «Әлем», «сары базарларда» тақырыптық акциялар түрінде өткізіледі. Мұнда ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен АИТВ/ЖИТС проблемалары туралы әңгімелер, радиолекциялар өткізіліп, теле-және радиобағдарламалар көрсетіледі.
2017 жылдың 30-сәуіріндегі жағдай бойынша өсіңкі қорытындымен Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының 30605 жағдайы тіркелген. Маңғыстау облысы бойынша 242 АИТВ жұқтырылғандар тіркелген.
Өз денсаулығын қымбат санайтын әр адам АИТВ инфекциясын жұқтырудан сақтанып, саламатты өмір салтын ұстануы, серіктесіне адал болуы тиіс.
Ақнұр ТАСБОЛАТОВА,
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
Маңғыстау облыстық орталығы директорының орынбасары.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему