Теңіз сақшылары бірілк күнін тойлады
3 Мая 2017 (17:45) | 3430 | Автор: Мира Ботабекова
Бірлік күніне орай аймақтық жағалау күзеті басқармасына қарасты әскери бөлімде мерекелік концерт пен көрме өтті. Мұнда жиырмаға жуық этностың ұлттық тағамдары, киім-кешектері мен тұрмыстық бұйымдары қойылған. Әсіресе, орыс ұлтының ағаштан жасалған ойыншықтары көпшіліктің қызығушылығын оятты. Отан алдындағы борышын теңіз шекарасында өткізуші жастар қатарында қырғыз, украин, корей ұлтының өкілдері де бар. Олар достық күні арнайы келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған өңірлік Ассамблея ұжымына алғыстарын жеткізді.
Данияр Мальчубаев, ҚР ҰҚК аймақтық жағалау күзеті басқармасы басшысының бірінші орынбасары:
- Біздің әскери бөлімдегі матростар мен келісім-шарт негізіндегі әскери қызметкерлердің басым көпшілігін өзге ұлт өкілдері құрайды. Олар Қазақстанды ортақ үйім деп біледі. Теңіз жағалап, сапарға шыққан кезде тәуелсіз мемлекетімізде қалыптасқан салиқалы саясатты өзгелерге насихаттап жүреді.
Элла Журавлева, орыс этномәдени бірлестігінің өкілі:
- Ағаш ойыншықтардың құрылысы күрделі көрінгенімен, жасалу жолы қарапайым. Теңізші жастар үйде қалған іні-қарындастарыма деп естелік сыйлыққа алып жатты. Қолдан жасалған бұйымдардың көпшілік көңілінен шыққанына қуаныштымын.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему