Боранқұл ауылында жаңа балабақша ашылды
30 Декабря 2020 (13:02) | 3449 | Автор: Редакция
Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында «Көпбала» балабақшасы ашылды. Бұл туралы Боранқұл ауылының әкімі Мәжит Төреғожин мәлім етті.
«Көпбала» балабақшасы жеке кәсіпкер Самал Ордабаеваның бастамасымен ашылды. Ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасынан 4% бен 3 млн. теңге несие алып, екі қабатты ғимаратты жалға алды. Балабақша 3-5 жас аралығындағы 40 балаға арналған және ауылдың он бес адамын жұмыспе қамтуды көздеп отыр. Жалпы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап балабақша ауыл балаларын қабылдауға дайын» - деді Мәжит Жайкенұлы.
Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему