«Экспо-2017» көрмесіне Түпқараған ауданынан 3 мың адам барады
Курс валют в Актау
на 01/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
1 Декабря, 23:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Экспо-2017» көрмесіне Түпқараған ауданынан 3 мың адам барады

17 Мая 2017 (10:42) | 1754 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елордада өтетін "Экспо-2017" көрмесіне Түпқараған ауданынан 3000 адам барады. Олардың қатарында мектеп оқушылары, өндірістік орындарының жұмысшылары, дәрігерлер бар. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды.

 

Аудан әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, баратындар саны әлі де өсуі мүмкін. Осы орайда Маңғыстау облыстық туризм және мәденит басқармасының басшылары үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, жиын өткізді. Аудан халқы кездесуге белсенді қатысып, өз ойын айтты.

 

"Экспо 2017" көрмесін тамашалауға түпқарағандықтар ерекше ынта білдіруде. Кейбірі, тіпті арнайы туристтік фирмалармен келіссөздер де жүргізген. Аудан басшылығының айтуынша, көрмеге 3000 адам барады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселене түсуі мүмкін.

 

Дариға Шалабаева - Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы:

-1000 адам өзіміздің аудан тұрғындарымыз. 275 оқушы мен 248 мұғалім бар. Сонымен қатар, 40 мелмекеттік қызметкерлер бар. Елге деген сүйіспеншілігімізді, сонымен қатар,  болашаққа энергия көздерін жетілдіру бағытындағы неше түрлі шараларды қызықтап, көріп, осы көрменің ары қарай дамып, өркендеуінің арқасында елімізде жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

 

Көрме аясында Маңғыстау күндері тамыз айының 15 мен 18 аралығындағы өтеді. Әлемдік жобаға облыстан 400 өнерпаз қатысады. Олардың ішінде қала, аудан мен ауылдардың да өнер ұжымдары бар.

 

Бекбол Базарбаев - Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

-4 күннің ішінде 54 іс-шара өткіземіз. Оның ішінде біздің театрымыз, қуыршақ тетары, концерттік ұжымдарымыз бар. Аудан-қалалардан таңдап алынған фольклорлық оркестрлеріміз бар. Осылайша бізде Экспоға сәл болса да өз септігімізді тигізгіміз келеді.

 

Экспо 2017 - бұл мемлекетіміздің беделін, халқымыздың қонақжайлылығын көрсететін жаһандық жоба. Көрме - ел әлеуетін дүниежүзіне паш етуге таптырмас мүмкіндік.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему