Биылғы пітір садақаның мөлшері 300 теңге болып бекітілді
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 17:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биылғы пітір садақаның мөлшері 300 теңге болып бекітілді

16 Мая 2017 (14:02) | 2379 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ораза – исламның бес парызының бірі, тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту болып табылады. Ораза ұстаған адам рамазан айында таң атқаннан күн батқанға дейін ниет етіп, ауыз бекітіп, басқа да нәпсіні оятар нәрселерден аулақ болады. О бастан рамазан айында мұсылмандарға ораза ұстау – парыз болып саналған. Бұл туралы «Бақара» сүресінде «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе, сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» деп, қасиетті айда ораза ұстаудың мән-мағынасы анық айтылған.

 

Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен ашуға болады. Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылады, ал, үтір-уәжіпті жамағатпен бірге оқуға болады.

 

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Маусым айының 21-інші жұлдызынан 22-сіне қараған түн қасиетті Қадір түні болып есептеледі.

 

Биылғы рамазан айы мұсылман ай күнтізбесі бойынша 29 күнге созылып, маңғыстаулықтар үшін 27 мамыр күні басталады, ниет еткендер осы күні таңғы 04 сағат 16 минутта аузын бекітеді, сәресін ішу таң намазынан 10 минут бұрын тоқтатылады.

 

Рамазан айында Алла тағалаға құлшылық жолында ораза ұстауға бекінген жандарға ниеттері қабыл болсын дей отырып, мына нәрселерді орындаудың маңыздылығын айтқым келеді. Рамазан айында біріншіден, намазға ұқыпты болу керек. Намаз дініміздің тірегі десек, оған немқұрайлы қараған дұрыс емес. Екіншіден, көркем мінезді болу керек. Ораза мінез-құлықты бұзбайды, оны түзейді. Құранда осыған қатысты мынандай сөз бар: «Кімде-кім өтірік сөз бен амал қылудан тыйылмаса, Аллаға оның ішіп-жеуден тыйылуының қажеті жоқ». Рамазан айында туған-туысқандар мен мұқтаж жандарға садақа беруді көбейтіп, араздасқандармен татуласқан жөн. Сондай-ақ, ауыз ашарда тамақты шектен тыс жеудің қажеті жоқ. Бұл оразаның пайдасын кемітіп, денсаулыққа зиянын тигізеді. Ал, таңғы сәрені міндетті түрде ішкен дұрыс. Алланың елшісі «Сәресін ішіңдер, онда береке бар» депті.

 

Рамазан айындағы игі дәстүрлердің бірі – ауызашарға шақырысу. Ауызашар адамдарды жақындастырады. Ораза кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Аузы берік адам бос сөз, пайдасыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылады, одан да имандылығын арттырып, елге жақсылық жасауға ұмтылады. Ораза тек ішіп-жеуді шектеу емес, нәпсіні тыю. Бұл ай – жақсылық пен ізгілік айы саналады. Құран сүрелерінде «Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып-тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн да тұтастай илаһи рақымдылық пен кешірімділікке толады» делінген. Ораза жамандықтан сақтайды. Адам жанын тазартып, жаман әдеттерден сақтайды. «Бақара» сүресінде: «Ей, иман еткендері күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» делінген.

 

Оразаның тағы маңызы – бұл айда елдегі дәулетті адамдар мен жоқ-жітік жандардың арасында байланыс пайда болады. Ауқатты адамдар қасиетті рамазанда тұрмыс тауқыметін тартып жүрген мұқтаж жандарға қол ұшын беруге тырысады. Өйткені, пенделер байыған сайын жан-жағын танымай, сараң бола түседі. Рамазан айында көп пенделердің жанашырлық сезімдері оянып, рақымдылық жасап жатады.

 

Рамазан айының тағы бір қасиеті – ол адамдарды сабырлылық пен төзімділікке үйретіп, ырыс-берекенің қадірін арттырады. Ай бойы аш жүріп, ала таңнан қара кешке дейін нәр татпаған жан төзімді жүріп, сабырлы болуға тырысады. Кешке тағамды көргенде, қасиетті нанның қадірін сезінеді.

 

Олай болса, айлардың сұлтаны- рамазан айы құтты болып, барлық ізгі ниеттер қабыл болғай! Ораза ұстаған ақтаулықтарға облыс орталығындағы Бекет ата мешітінде бір ай бойы ауызашар ұйымдастырылатындығын айтамыз. Ораза ұстау туралы сұрақтарға 13 шағынауданда орналасқан Бекет ата мешітіндегі имамдар жауап беріп, дұрыс жолын көрсетуге даяр. Иманымыз берік, еліміз тыныш болғай! Алла ниеттерімізді қабыл еткей!

 

Дүйсенқажы Хаснияз, Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему