12-мамырда барлық мектепте ата-аналардың жиналысы өтеді
11 Мая 2017 (17:06) | 3877 | Автор: Мира Ботабекова
Ертең, мамырдың 12-сі күні мектеп тарихындағы ең үлкен ата-аналар жиналысы өтеді. Бүгінде қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен ұялы мессенджерлер арқылы ертеңгі жиналыс жайындағы ескертуді бір-біріне таратып жүр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев республикалық ата-аналар жиналысын өткізуге мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Ал 2- мамыр күні өткен Үкімет отырысында аталған жиналыстың нақты уақытын да жариялаған. «Осы сәтті пайдалана отырып, министрліктің 12-ші мамырда ата-аналардың республикалық жиналысын өткізуді жоспарлап отырғанын айтқым келіп отыр. Бүгінде ата-аналар жиналыстарына адамдардың қатысу деңгейі өте төмен, адамдардың тек 10 пайызы ғана қатысады. Енді, мамырдың 12-сі күні, барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-аналарды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз. Осы жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлаумен білім саласының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланып отыр», - деді Ерлан Сағадиев.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему