Маңғыстаулық журналист Венера Мирлан «Ұлттық инновациялар байқауының» жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 11:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық журналист Венера Мирлан «Ұлттық инновациялар байқауының» жеңімпазы атанды

16 Ноября 2015 (16:09) | 3954 | Автор: Нурганым Имашева

 

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council-дің бастамасымен жарияланған «Ұлттық инновациялар байқауына» журналистерден 246 материалдар келіп түскен. Байқау шарттары бойынша материалдар еліміздің индустриялды-инновациялық саясатына қатысты жаңалықтарды қамтуы және қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, стартап жобаларды және өзге де қызықты инновациялық жұмыстарды жариялауға бағытталуы қажет болатын.

 

Байқаудың қорытындысы 12 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялар апталығы» аясында өтетін «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» (TechConnect.Tech.) инновациялық форумында жарияланып, байқау жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастыру алқасының шешімімен ақпарат саласының тақырыптық ерекшелігіне орай, сегіз номинация бойынша «үздіктер» анықталып, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің арнайы марапатына ие болды.

 

Ал, үздік журналистік материал авторы 1 млн.теңге көлемінде гран-приді иеленіп, журналистік байқаудың 8 номинациясы бойынша жарияланған жеңімпаздармен бірге Ұлыбританияға оқу-білім алу сапарына барады. Солардың қатарында әріптесіміз маңғыстаулық журналист Венера Мирлан да бар.

 

-Ұйымдастыру алқасының айтуынша, журналистер өтінімдерінің басым бөлігі Астана қаласынан ұсынылған екен. Мен марапатталған «Мерзімдік басылымдағы қазақ тіліндегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша 67 материал келіп түскен. Олардың арасынан менің жұмысымды үздік деп тапқаны мені, әрине, қуантады,-дейді жеңімпаз атанған Венера.

 

Республикалық «Айқын» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі және облыстық «Маңғыстау» газетінде журналист қызметін атқаратын Венера Мирлан бұған дейін Астана қаласында өткен «Спорт тақырыбындағы үздік мақалалар» байқауының, Алматы қаласында өткен республикалық «Денсаулық сақтаудағы адам құқығы» байқауының, Маңғыстау облысы әкімінің «Білім саласындағы» үздік бағдарламасы байқауының, облыстық «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Экологиялық үздік материал» тақырыптарында өткен байқаулардың жеңімпазы.

 

Талмай жұмыс жасауды басты мақсаты санайтын Венераның ең жақсы қасиеті – еңбекқорлығы. Оқырмандары үшін қашан да жағымды жаңалықтың жаршысы болуға ұмтылатын ол өз материалдарын жазуы үшін белгілі бір саланы ғана таңдап қоймай, кез-келген тақырыпқа қалам тербеу арқылы шығармашылық шеберлігін шыңдап, жан-жақты журналист болумен қатар, күнделікті өмірде де көптеген пайдалы нәрселерді тез үйренуге құмар, қашан көрсең де үнемі әлдебір қызықты дүниелерді игеруге ден қоятынын байқайсың.

 

Жасы үлкенді-үлкендей, кішіні-кішідей сыйлай білетін Венераның адамгершілік қасиеті де айтуға тұрарлықтай. Өне бойы мейірім мен кішіпейілдікке толы оның өзге БАҚ-да қызмет ететін әріптестерімен жылы қарым-қатынасы осының дәлелі десек, артық айтпағанымыз болар.

 

 

Венераның жетістігі туралы қуана жазған «Айқындықтар» өз басылымындағы жариялаған жаңалығында былай депті: «Айқынның» Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Венера Мирлан – өңірдің жаңалықтарын өндіртіп жазатын журналист.

 

Венера әсіресе, мұнайлы аймақтағы өндіріске енгізілген инновациялық технологиялардың өнімділігі, іске асырылған инвестициялық жобалар төңірегінде айшықты материал ұсынуымен де ерекшеленеді. Жалпы, өңірдегі жылт еткен жақсы жаңалық Венера Мирланның назарынан тыс қалып көрген емес. Соның бір нәтижесі сынды кеше Астана қаласындағы, Тәуелсіздік сарайында «TechConnect.tech» Инновациялар мен IT жөніндегі халықаралық форум аясында ұйымдастыру алқасының шешімімен үздік журналистер қатарында есімі аталды.

 

 

Байқауға қатысқан 246 журналистің арасынан үздік танылған 9 журналистің бірі, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің қолынан грамота алған «Айқынның» аймақтағы тілшісі Венера Мирланды жүлдегер атануымен құттықтай отырып, қаламың қашанда қарымды болсын, әрдайым шығармашылық биіктерден көріне беруіңе шын жүректен тілектестік білдіреміз демекпіз.

 

Енді БАҚ өкілдері үшін 2016 жылдың жаз мезгілінде Ұлыбританиядағы BBC, Financial Times, The Guardian, Daily Mail секілді әлемдік деңгейдегі ақпарат құралдарының редакцияларына танымдық сапар ұйымдастырылады».

 

Әріптесіміз Венераны үлкен жеңісімен қызу құттықтай отырып, бұл жетістігінің аймақ журналистикасы үшін орасан зор табыс екенін атап өтіп, шығармашылықта алда алар асуларың мен бағындырар биіктерің көп болсын деген ізгі тілегімізді арнаймыз!

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Ардак-Гаухар / Инкар - Аяжан, 17 Ноября 2015 (11:22)
2 0
Венера сен жеткен жетістіктер адал еңбегіңнін жемісі. Әрдайым қазақ тілінде талай мақалаларды жазып, талмай қызмет көрсете бер халқыңа.Биз саған әрдайым тілекшіміз!
Бакытжан, 16 Ноября 2015 (23:31)
3 0
Жарайсын Венера!?? Мангыстаудын мактанышы Венера женисин кутты болсын! Сени ардайым бииктерден коруге тилекшимиз!
военный, 16 Ноября 2015 (22:53)
1 0
Менің жаным...
Kewa, 16 Ноября 2015 (22:42)
2 0
Жарайсың!
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему