Әскери теңіз айлағының әлеуеті артып келеді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әскери теңіз айлағының әлеуеті артып келеді

4 Мая 2017 (17:23) | 2166 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаудағы әскери мақсаттағы теңіз айлағының әлеуеті артып келеді. Таяу жылдары алып кораблдерді қабылдау мақсатында теңіз түбін тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Стратегиялық маңызға ие нысан Қазақстан теңіз қақпасының аумағында орналасқан. Елімізге судан келер қатерге тосқауыл болатын қалқанның іргесі нық, айбыны асқақ. Аумағы екі гектарға жуық айлақта Қазақстан әскери теңіз күштерінің кораблдері сап түзеп тұр. Тәуелсіздік жылдары тұңғыш рет қолданысқа берілген кешен мемлекеттік шекара күзетінің жауынгерлік кемелерін де қабылдайды. Мұнда бір мезгілде оннан астам су көлігі аялдайды. Әскери айлақтың қала іргесінде бой көтеруімен жауынгерлік кемелердің ашық теңізге шығуы төрт сағатқа қысқарды. Сондай-ақ, облыс орталығында тұратын теңізшілердің жұмыс орнына қатынау қиындығы оң шешімін тапты.

 

Асқар Қапашов, «Орал» зымыранды-артиллериялық кемесінің командирі:

 

-Әскери айлақ Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің қақ ортасында орналасқан. Осыған сәйкес, жауынгерлік кемелер барлық бағыттарға шұғыл шыға алады. Өзіндік инфрақұрылымы қалыптасқан кешенде еліміздің әскери флоты орналасқан. Бұған дейін олар Түпқараған ауданы Баутино портында шоғырланып келген еді .

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему