Мас күйде көлік басқарған
18 Апреля 2017 (21:26) | 2538 | Автор: Мира Ботабекова
Қарақия аудандық сотында Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, азамат Б. «Ақтау-Жетібай» тас жолында автокөлігін алкогольдік масаң күйде жүргізген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған. Тексеру барысында оның көлік жүргізу куәлігі жоқ екені анықталған, яғни жүргізуші алкогольден масаң күйде көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра автокөлік жүргізген.
Қарақия аудандық сотының қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему