Маңғыстау облыстық сотының ұжымы сенбілікке шықты
1 Мая 2017 (18:08) | 2100 | Автор: Мира Ботабекова
Күн жылынып, қар кетіп, жер қарайғалы сенбілікке шығу Маңғыстау облыстық сот ұжымы үшін дәстүрлі шара. Аталған сенбілік шарасына Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының орынбасары, кеңсе меңгерушісі және сот қызметкерлері қатысты.
Сенбілік аясында сот ғимаратының айналасы мен қоршау іші қоқыстан түгел тазартылып, арам шөптер жұлынып, қоршау қабырғалары сырланды. Сот қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, терезе әйнектері сүртіліп, ағаш түптері әктелді.
«Тазалық — саулық негізі» демекші сот ұжымы сенбілікке белсенді қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему