Персоналды басқарудың бірыңғай жүйесін жетілдіру бойынша өзекті кездесу
26 Ноября 2019 (10:44) | 2367 | Автор: Нурганым Имашева
Ағымдағы жылдың 23 қазанында облыс әкімдігінде Маңғыстау облысының жергілікті органдарында енгізу жоспарланған персоналды басқарудың бірыңғай жүйесінің негізгі механизмдерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес болып өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ бас директоры Б.Нұрғазиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н.Жанназарова, облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаев, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшылары және персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Айта кету қажет, ҚР Президенті Әкімшілігінің 2018 жылдың сәуіріндегі тапсырмасына орай, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің платформасында персоналды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі пилоттық жобасы (ПББАЖ) іске қосылған болатын.
«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудың ұлттық орталығы» АҚ жоба үйлестірушісі болып табылады.
ПББАЖ жобасының мақсаты болып электрондық кадрлық құжат айналымының орталықтандырылған қызметтерін көрсету, қайталанатын кадрлық бизнес-процестерді стандарттау, сондай-ақ еңбек және уақыт шығынын азайту болып белгіленді.
ПББАЖ жобасының концепциясы қашықтықтағы режімде «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуді білдіреді.
ПББАЖ жобасы 8 орталық мемлекеттік және 4 жергілікті атқарушы органда жүзеге асырылуда (МҚІА, ИИДМ, ЕХӘҚМ, АҚДМ, ЦДАӨМ, ЭМ, СІМ, адам құқығы бойынша Ұлттық орталық, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктерінде).
Жобаның басқа да мемлекеттік органдарға кең таралуын ескере отырып, қазіргі таңда кең көлемдегі түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге жүйемен жұмыс жасаудың тәжірибелік дағдыларын үйрету мәселелері өзекті болып тұр.
Жалпы кездесу шарасы барысында мемлекеттік қызметшілер оң пікірлерін білдіріп, көкейіндегі сауалдарына толық жауаптар алды.
Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру Агенттік қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады, осыған орай уәкілетті орган тарапынан кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғаса беретін болады.
Суреттерді баспасөз қызметі ұсынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему