Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс қабылдады
10 Апреля 2017 (10:24) | 1630 | Автор: Мира Ботабекова
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау басқармасынан биылғы жұмыстарды орындауға әлеуметтік тапсырыс алды. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлады.
Алты бірдей ұйым қоғамдағы ең өзекті 10 мәселе бойынша мемлекеттік тапсырысты қабылдап алды. Енді мамандар жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, нашақорлық, балалардың бақылау күтімін алдын алуға бағытталған қоғамдық шараларды ұйымдастырады. Жауапты ұйымдар мемлекеттік тапсырысты орындауға бүгіннен бастап кіріскен.
Нұрсұлу Мұхамбетиярова - облыстық "СӨСҚ" орталығының директоры:
-Оның маңыздылығы Денсаулық сақтау саласы мен тұрғындар арасындағы сектор аралық байланысты күшейту. Осы үкіметтік емес ұйымдар арқылы жыл сацын бізде түрлі шараалар өткізіледі. Әр ұйым жастар арасында айына бір-екі шара өткізуге міндетті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему