Президент Маңғыстауға келді
Курс валют в Актау
на 14/05/2021
 
426.87
430.68
 
515.89
520.97
 
5.71
5.86
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
14 Мая, 22:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Президент Маңғыстауға келді

4 Апреля 2017 (15:13) | 1326 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанға жасаған ресми сапарынан кейін бірден Маңғыстау облысына ұшып келді. Елбасы  Ақтау қаласында бой көтерген көпфункционалды «Маңғыстау-Арена» спорт кешенін аралап, жергілікті жастар, танымал спортшылармен кездесті. Бұл туралы «Хабар» арнасы хабарлайды.

  2014 жылы іргетасы қаланған кешеннің ашылуына жергілікті спорт саласының үздіктері мен жалынды жастар жиналған. Президент байрақты бәсекеде намысты қолдан бермей, көпшілікке үлгі болып жүрген танымал спортшылармен сұхбаттасып, жарыс жолында тек жеңіс тіледі. Кешеннің жалпы аумағы 9 мың шаршы метрден асады.Онда жастар боз кілем үстінде белдесіп, жекпе­жек шеберліктерін шыңдап, жеңіл атлетикаға арналған залдарда жан жақты шыныға алады. Қарсыластарын қапы қалдырып, қатарластарының алды болып жүрген өңірдің спортшылары бұл кешенді көп күтті. Енді тек талап, еңбек пен жігерді жұдырыққа түйіп, дүбірлі додаларда топ жару қалды. Болам деген баланын бетін қақпай, белін буған халықпыз ғой. Спорт – елімізде қолдаудан кенде емес салалардын бірі. Ал мұндай заманауи нысандар жалынды жастардың қанатын қатайтары сөзсіз.

Сұңғат Жұбатхан, дзюдошы:

-Киелі Маңғыстау жерінде «Маңғыстау-Арена» ғимараты ашылып жатыр. Бұл ғимарат мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалып, осы жерге спорттың қай түрімен болсын спортшылар өзінің деңгейін шыңдап, одан әрі дамытуға­ деген мүмкіншілік беріп отыр. Мінекей осындай Маңғыстаудың жауырыны жерге тимеген көптеген палуандарымыз бар. Біз де солардың жолын қуып, әлемдік додаларда еліміздің көк Туын көкке желбіретіп, Әнұранымызды шырқатамыз деген үміттеміз.

Дана Дәрібай, армрестлинг шебері:

-Осындай спорт мектебінің ашылуы біз үшін үлкен қуаныш. Осындай спорт мектептерінің арқасында көптеген Әлем, Азия чемпиондары шығып жатыр. Кешенде футбол, баскетбол және волейбол алаңдары қарастырылған.

 Қазынадан бір тиын жұмсамай тұрғызылған нысанда спортшылардың алаңсыз жаттығуына керектінің бəрі бар. Мемлекет басшысы тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа риза болған Маңғыстаулық жастар үкілеген үмітті ақтауға  сөз берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему