Әжелер мектебі құрылды
2 Апреля 2017 (21:26) | 9265 | Автор: Редакция
«Наурыз айының басында жұмысын бастаған мектепте маңғыстаулық әжелер жиі бас қосып, аймақтағы қыз-келіншектерге салт-дәстүрді ұлықтауды үйретіп жүр. Орталық ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, қыз балалардың тәрбиесі тақырыбында танымдық шараларын өткізеді»,-деп хабарлады «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы.
Маңғыстауда алғаш рет ашылған әжелер мектебіне жас келіннен бастап отау құрғанына 10-жылдан асқан келіншектер де келеді. Солардың бірі, Меруерт Ахмедова. 14 жыл келіндік өтілі бар Меруерт жуырда өткен "Келін ененің топырағынан" сайысына қатысып бас жүлдені иемденді. Оның айтуныша, көңілге қонымды ақыл-кеңес іздеп келген әрбір жан мұнда өзіне керектіні ала алады.
Меруерт Ахмедова:
-Үлкендерден тәрбие алуымыз керек. Имандылық пен инабаттылықты үйренуіміз керек. Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқимыз. Оның өзі тұнып тұрған тәрбие. Үлкен кісілер айтқандай үлкенге құрмет көрсетумііз керек. Сол арқылы әке-шешемізге, енемізге деген сыйластықты үйренеміз.
Мектеп айына бір рет түрлі тақырыпта танымдық шаралар ұйымдастырып тұрады. Мұнда ұрпақ тәрбиесі, қыздардың имани қасиетін дамыту, отбасы құндылығы тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, әжелер тарапынан да салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер айтылады.
Нұрниса Махмұдова - «Әжелер мектебінің» ұстазы:
-Мақсатымыз - жастарға үлгі-өнеге көрсету. Тәлім-тәрбие беру. Дін мен дәстүрді сабақтастырып жастарға үйрету. Дәстүрдің озығы бар тозығы бар дегендей, соның озығын алып, тозығын қалдырып, шариғатпен келістіріп, тәрбиелік маңызы бар шараларды көптеп ұйымдастырамыз деген ойдамыз.
Нәзік жандыларға арналған мектептің ашылуына мұрындық болған Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы.
Елдар Атибеков - Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы:
-Қашанда біз дәстүрімізден аттап өтпеген халықпыз. Дін менен дәстүрді екеуін сабақтастырып бірге алып жүрген халық болғандықтан қазіргі таңда екеуінің бірі ақсап қалып бара жатқан себеппен құрдық. "Әжелер мектебінің" негізінде сол ата-бабамыздың ұстанып келе жатқан салтын, дәстүрін дінменен негіздей отырып жас ұрпаққа насихаттау мақсатында құрылған.
Мектепте 10 әже дәріс береді. Мұнда 30-дан аса қыз-келіншек қазақы салт-дәстүрді сақтап, ибалы, инабатты өмір салтын қалыптастыруды үйреніп жүр. Әже тәлімін меңгергісі келетіндерге есік ашық, дейді ұйымдастырушылар.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена