Маңғыстаулық оқушылар олимпиадада топ жарды
28 Марта 2017 (19:28) | 1576 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда өтіп жатқан республикалық білім олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы байқау қорытындысында Маңғыстаулық оқушылар бас жүлдеге лайық деп танылды. Жерлестеріміз «Үздік олимпиадалық топ» аталымын жеңіп алды. Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдер мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Өткен аптада еліміздің барлық өңірлерінен 600-ге жуық өрен Ақтауда бас қосқан еді. Білімгерлер сайысты қазақ және шет тілдері, Қазақстан тарихы мен құқықтану пәні бойынша жүйріктігін байқатты.
Шара нәтижесінде 44 оқушы жеңімпаз атанса, 78 жеткіншек екінші орынға ие болды. Үшінші дәрежелі дипломмен 130 бала марапатталды.
Валерий Салагаев, қазылар алқасының мүшесі, «Тұран» университетінің профессоры
-Білім сайысына оқушылардың жоғары дайындықпен келгені байқалды. Қазақ, ағылшын және неміс тілі пәндері бойынша бағын сынаған оқушылар түгелдей дерлік жеңімпаз атанды. Біз - білімді шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Аделина Кожамуратова, Бейнеу лицейінің оқушысы, 1-ші орын иегері:
-Республикалық олимпиадаға 5-ші сыныптап бастап дайындалдық. «Дарын» орталығына әкеліп, бірнеше апталап, айлап дайындады. Қызу дайындықтың арқасында осы жеңіске жеттім деп ойлаймын. Болашақта филиолог болуды армандаймын.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему