Ақтаудағы пандустар тексерілді
21 Апреля 2017 (16:55) | 2359 | Автор: Мира Ботабекова
Қаладағы 230-дан астам әлеуметтік нысанда мүгедектерге арналған пандустар жасалмаған. Осындай 2 мекемеге биыл миллион теңге айыппұл салыныпты. Енді шаһардағы әрбір ғимарат тексерілетін болады. Алдымен хабарлама беріліп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгін құқық қорғау органдары тексерісті бастап кетті. Енді бұл шара 6 ай бойы жалғасады. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы хабарлады.
Тексеру тобы алдымен "МАЭК Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің тұтынушыларды қызмет көрсету орталығына барды. Кі¬реберіс табалдырығы пандусқа ұқса¬ты¬лып жасалғанымен, оның мүгедек жан¬дарға арналмағанын аңғару оңай. Арбадағы жан түгілі он екі мүшесі сау адам шыға алмайды. Прокурор мекеме басшылығына ескерту қағазын табыстады. Олқылықты дұрыстауға 1 ай мерзім берілді.
Белгіленген мерзім ішінде талап орындалмаса, мекемелерге 50 АЕК есебінде айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Шара қалалық прокуратура мен әкімдік тарапынан жасалған меморандум аясында жүріп жатыр.
Нағима Махарова - ЕӘҚжКҚ Департаментінің бас маманы:
-Бүгін "қоғам сенің қорғаның" атты жоба аясында жұмыс жасап жатырмыз. Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз ету.
Кенесары Ұзақбай - Ақтау қаласының тұрғыны:
-Мекемелерде пандус керек. 2-ші, 3-ші топ мүгедектеріне қиын. Оларға көтерілу қиын ғой.
2016 жылы 24 нысан тексеріліп, оның 13-не айыппұл салынған. Ал осы жылы 4 мекеме қаралыпты. Нәтижесінде Ақтау әуежайы мен "Чакур" емханасы миллион шамасында әкімшілік айыппұл төледі.
Бақдәулет Ахмедов - прокурор:
-Жұмыс тобымен бірқатар объектілер анықталды. Яғни пандустар жасақталмаған. Ешқандай қолжетімділігі көрсетілмеген. Қазіргі таңда оларды сәйкестендіру туралы тиісті түсімхаттар берілді.
Талапқа сай пандустардың ені - 1 метр, биіктігі баспалдақпен деңгейлес болу шарт. Қол тұтқаларының арақашықтығы мен көлбеулігі сай болу керек. Мұндай стандарт әлеуметтік сақтандыру орындарында ғана сақталған. Ал, тағдырдың тәлкегіне түскен жандардың өміріне қолайлы жағдай жасау - қоғамның басты талабына айналса игі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему