Аутизмнен айығуға болады
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 19:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аутизмнен айығуға болады

12 Марта 2017 (17:31) | 1465 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Аутизмнен айығуға болады екен. Ақтау қаласында өткен «Аутизмді бірге жеңеміз» атты семинар тренингте психологтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Қарағанды облысынан келген мамандар бұл дертпен күресудің жолын көрсетті. Түрлі ойындар мен психологиялық дәрістердің пайдасын айтты»,-деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы.

 

Қарағандылық дәрігерлер көрсеткен әдіс арқылы 17 бала емделіпті. Түбегейлі айықпаса да, оң өзгерістер бар. Мұның өзі үлкен жетістік,-дейді мамандар.

 

Ақтауда өткен семинарға балаларының тезірек қатарға қосылуын тілейтін 38 отбасы келді. Олардың үкілеген үміті, арқалаған аманаты зор. Баласын тезірек қатарға қосу, ортадан оқшауланған, сезімі тұйықталған балаларының шынайы күлкісін есту ата-ананың арманы. Олардың қатарында Света Қожаева да бар. 8 жастағы ұлының дертімен жеті жыл күресті. Психологиялық дәрістен соң оң өзгерісті аңғарған.

 

Света Қожаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Аутистердің ең бірінші ерекшелігі - көзге тіке қарамайды. Менің балам үш айда қазір көзі түседі. Әлі тілі жоқ, бірақ сұрақ қойсаң, жауап беруге тырысады. Көп затты түсінді. Агрессиясы басылды.

 

«Баламен отбасы айналысу керек»,- дейді қарағандылық мамандар. Әсіресе, әкенің орны бөлек. Ана секілді әр баланың әкесі де балаға көңіл бөліп, бірге ойнап, дене шынықтырумен айналысуы керек.

 

Салтанат Мурзалинова , «Аутизмді жеңеміз» жобасының үйлестірушісі:

-Бұл дерт - медициналық емес, әлеуметтік мәселе болғандықтан, баламен отбасы айналысу керек. Арнайы орта қалыптасырады. Қазіргі уақытта 17 бала дені сау балалар қатарына кірді.

 

Мамандардың пікірінше, бұл дерт - табиғаттың технологияға қарсы жауабы. Виртуалды әлемде адамдардың байланысы нашарлады, бір-бірімен жанды қатынас азайды. АҚШ ғалымдарының болжамы бойынша, әр екі баланың бірі осы дертке шалдығу қауіпі бар. Сондықтан аурудың емін іздегеннен, ауырмаудың жолын ойлаған көп пайдалы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему