Министр Мұнайлы аудандық орталық емханасының жұмысымен танысты
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Министр Мұнайлы аудандық орталық емханасының жұмысымен танысты

19 Февраля 2017 (16:29) | 3452 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облысқа іс-сапармен келген ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов Мұнайлы аудандық орталық емханасына арнайы барып, емдеу орнының жұмысымен танысты.

 

Аталмыш емхана 2013 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда мұнда 54 дəрігер, 77 орта буын медицина қызметкерлері табысты еңбек етеді. Сондай-ақ, емханада тұрақты 9 педиатр-дəрігер бала денсаулығын қадағалайды. Одан бөлек, ауданға былтыр 15 жас маман келіп, қызметіне кіріскен.

 

2007 жылы құрылған Мұнайлы ауданында бүгінгі таңда 1 орталық аурухана, 1 орталық емхана халыққа қызмет көрсетеді. Маңғыстау облысындағы ең жас аудан саналатын Мұнайлыда алғашқы жылдары 40 мыңнан астам халық тұрса, 2016 жылғы санақ бойынша 145 мыңнан астам тұрғын бар. Халық санына сəйкес 63 телімге (участок) бөлінген. Оның 38-іне жалпы тəжірибелік дəрігерлер қызмет көрсетеді.

 

-Жалпы тəжірибелік дəрігерлікті енгізу - 64%-ды құрайды. Туу көрсеткіші де жылдан-жылға артып келеді. Мəселен, ауданда 2015 жылы - 4493 сəби дүниеге келсе, 2016 жылы - 4516 нəресте жарық дүние есігін ашты.

 

Ауданда 3 БМСК, 7 дəрігерлік амбулатория бар. Сонымен қатар 2015 жылдың желтоқсан айында аудандық ауруханадан 25 кереуетті хирургия бөлімін ашқан болатынбыз. Ол жерде 3 дәрігер, 8 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

 

Бір жылдың ішінде 320 ота жасалды. Бұл - үлкен көрсеткіш. Ауданымыз жас мамандармен де жақсы толығуда. 2015-2016 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 22 маман келді. Алайда ауданға гинеколог пен педиатр-дәрігерлер жетіспейді,-дейді Мұнайлы ауданының денсаулық сақтау саласындағы үйлестірушісі, аудандық орталық аурухананың директоры Айларбек Шыршықбаев.

 

Аурухана директоры Министрге аудан халқының өсуіне байланысты жаңа аурухананың қажеттігін айтты. 150 кереуетке есептелген аурухананың жоба құны-3,4 млрд.теңгені құрайды. Қаржы қарастырылса, аурухана құрылысы жаз айында басталмақ.

 

Медициналық қызметкерлермен және науқастармен әңгімелесу барысында Министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, Елбасының халыққа Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша негізгі бағыттарына тоқталды.

 

-1 шілдеден бастап еліміздіе мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.

 

Бұл жүйенің тиімділігін халықаралық тәжірибеде дәлелдеген. Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің ауқымды көлемі ұсынылады.

 

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған санатын мемлекет қолдайтын болады. Дәрі-дәрмекке қатысты бағаны да реттеу үшін заң қабылдаймыз. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады,-деді ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов.

 

Емхана жұмысымен танысқан ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, дәрігерлердің еңбегіне табыс тіледі.

 

Министрмен бірге делегация құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев, облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева болды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему