Сот арқылы балаларын бөлісті
17 Февраля 2017 (15:00) | 3843 | Автор: Мира Ботабекова
Талап қоюшы Е. сотқа жауапкер Т-ға балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап қою арызымен жүгінген. Олардың ортақ некеден туған екі баласы бар.
Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері адвокаттар сотқа дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, оны бекітіп беруді сұраған.
Аталған келісім талаптарына сай, тараптар мен олардың өкілдері тараптардың Г. есімді жасөспірім қызының тұрғылықты жерін анасымен бірге, ал Н. есімді ұлының тұрғылықты жерін әкесімен бірге анықтауға келіскен.
Сот тараптар мен олардың өкілдерінің арасында жасақталған келісім олардың және басқа тұлғалардың, атап айтқанда кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындықтан және заңға қайшы келмейтіндіктен партисипативтік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему