Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген
15 Февраля 2017 (12:07) | 2381 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Д. қасақана, айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкін бүлдіру мақсатында, жәбірленуші Г-ға тиесілі «Тойота РАФ-4», Ғ-ға тиесілі «Тойота Ланд Крузер-200» маркалы автокөліктерінің екі жақтарын, есіктерін қатты өткір затпен сызып, зардап келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.
Нәтижесінде, Д-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекетімен жәбірленуші Г-ға 237 353 теңге, Ғ-ға жалпы сомасы 456 127 теңге материалдық шығын келтірілген.
Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.Д-дан жәбірленуші Г-ның пайдасына 237 353 теңге және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж 2373 теңге, 53 тиын өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Д-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему