Халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру үшін судьялар аянып қалмайды
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 05:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру үшін судьялар аянып қалмайды

6 Февраля 2017 (18:02) | 2306 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Бегенов Едіге Берекетұлы аталмыш тақырыпқа сай өз ой-пікірін біздің басылым редакциясына жолдапты. Сот төрелігін жүзеге асырушы судьяның пайымдауларын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде:

 

-Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ (Экономикалық Ынтымақтастық пен Достық Ұйымы) мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді, -деді.

 

Сот жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Судьяларды даярлау мен іріктеу жөніндегі талаптардың күшейтілуі, үш буынды сот жүйесі, жаңа Азаматтық процестік кодекс, Жоғарғы Сотта инвестициялық даулар бойынша жаңа алқаның құрылуы және басқа да бірқатар жаңашылдықтардың бәрі Елбасы бастамасымен қабылданған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асырудың нақты шаралары болып табылады.

 

2015 жылы елімізде Елбасының бастамасымен іргелі істер, тың міндеттер атқарылған жемісті жыл болды. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 11 қадамы бойынша берілген келелі міндеттер Жоғарғы Сотқа жүктелген еді.

 

Республикамыздың сот жүйесі Президент тапсырмаларын дер кезінде әрі сапалы атқаруда зор жауапкершілігі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсете білді. 2016 жылғы 1 қаңтардан «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталған болатын. Осы орайда, 59 заң күшіне енді. Бұл заңдар мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық ортаны қалыптастыратыны анық.

 

Мемлекеттік құрылыстың осы кезеңіне өту бес институттық реформамен айқындалды. Елбасы жүргізіп отырған жаңашыл бағыттағы осы реформаның табысты орындалуы заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.

 

Сондай-ақ айта кететін жағдай, елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нәтижелері бізді жаңа белестерге бастайды. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы – сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша екенін Елбасы үнемі атап көрсетуде. Президенттің: «Қазіргі уақытта соттар басты құқық қорғаушы институт бола бастады», деген сөзі сот жүйесінің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ішіндегі мәртебесі мен орнын даусыз айқындап бергенінің дәлелі.

 

-Бүгінгі таңда судьялар сот төрелігін атқару барысында елге мүлтіксіз қызмет атқарып қана қоймай, онымен қатар заңдарды тиісті деңгейде меңгеріп отыруы қазіргі замандағы уақыт талабы, сондықтан судьялар өз біліктілігі мен білім деңгейін арттыру үшін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы «Сот төрелігі академиясында жыл сайын жоспарға сәйкес білімдерін шыңдайды. Бұл Академияда алған білімдері тәжірибеде өз пайдасын бермесе, кері әсерін тигізбейтіні анық.

 

Қорыта айтқанда, Елбасының қазақ елін дамытып, оны дамыған өркениетті отыз елдің қатарына қосу үшін жасап отырған сарабдал саясатын, судьялар қауымы толық қолдайды деп санаймын және Елбасы мен халықтың сенімін ақтау үшін судьялар да аянып қалмайды, - деп мәлімдейді Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Бегенов Едіге Берекетұлы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему