Маңғыстауда ғасыр тажалымен күреске арналған ″Өз ахуалынды біл!» акциясы өтті
16 Декабря 2018 (16:09) | 2203 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығын орындау мақсатында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 13 желтоқсанындаМаңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығы (ЖИТСОО) базасында директордың орынбасары Тасбулатова А.Х., бөлім меңгерушілері Махамбеткалиева Жамила Абдикадировна, Жиенгалиева Алия Тулемисовна, Облыстық наркологиялық диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанжігітова Әйгерім Қойшиевна және тері-венерологиялық даспансерінің директоры Лаврова Татьяна Алексеевнаның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және өған күрес орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Акция 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында халық арасында "Өз ахуалынды біл", "АИТВ - ға тестілеуден өт"ұранымен өткізілді. АИТВ-ға экспресс-тестілеуді ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар, әр адамға консультациялық көмек көрсету арқылы Ашық есік күні жарияланды.
АИТВ-ға тестілеу-емдеудің қолжетімділігін кеңейту және АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдарды салауатты және толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін маңызды мәнге ие.
Экспресс-тестіңізді қаламыздың ЖИТС орталығында тапсыра аласыз. Талдау нәтижелері 15 минут ішінде белгілі болады. Талдау тегін жүргізіледі. Акция барысында 457 адам экспреес-тестілеумен тексерілді, оң көрсеткіш анықталған жоқ.
"Өз ахуалынды біл" акциясына орайластырылған іс - шаралардың негізгі мақсаты мен міндеті - халықтың АИТВ және ЖИТС мәселелері, сақтық шаралары, АИТВ-инфекциясынан қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша хабардар болуын арттыру болып табылады.
Маңғыстау облысында бүгінгі таңда АИТВ проблемасы өзекті болып қалып отыр, эпидемиологиялық жағдай облыстың барлық аумағында таралудың өсуіне бет алуда.
1994 жылдан бастап 30.11.2018 ж.аралығында облыста 314 оқиға анықталды (2017 ж.-264) АИТВ жұқтырғандар, оның ішінде диспансерлік есепте - 170 жағдай.
2018 жылдың 11 айында облыста АИТВ-жұқпасының 47 жағдайы (2017ж.-38 жағдай), оның ішінде 40 жағдайы (85,1%) ҚР азаматтары, 7 жағдайы (14,9%) - шетелдік азаматтар.
АИТВ жұқтырғандар санынан 37 жағдай 78,7% - ерлер, 10 жағдай 21,3% - әйелдер. Жұқтырғандардың негізгі үлесі мынадай жасқа сәйкес келеді: 20-29 жас арасындағылар (29,8%), 30-39 жастағылар -(31,9%), 40-49 жастағылар- 29,8%, 50-59 жастағылар -(8,5%) құраған,- деп мәлімдейді Орталықтың баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығынан келіп түскен ақпаратқа сай, «ЖИТС МО Орталығы мамандары ДСБ бұйрығына және ЖИТС Облыстық Орталығының ішкі жоспарына сәйкес "Нұрлы Ақтау" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп БМСК, білім беру, әскери бөлімдер, бизнес-құрылымдар, ІІД, ҚАЖД және т. б. объектілерінде профилактикалық іс-шаралар (семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, дәрістер және т. б.) белсенді түрде жүргізіледі.
Ақция аясында 4желтоқсан күні суреттер сайысы арнайы контингенттердің арасында өткізілді..
Облыстық ЖИТС орталығында 4-5 желтоқсан 2018ж. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған "Өз ахуалынды біл" ұранымен "Ашық есік күні"өтті.
"АИТВ-ға тексерілуден өту - тегін, жасырын, құпия! Психоәлеуметтік кеңес ал, қызықтыратын сұрақтарға жауап ал".
Сондықтан әрқашан есте сақтаңыз "Ескертілсеңіз - қарулысыз!"
Мекен - жайы: Ақтау қ., 3 ш / а, 170 ғимарат.
Сенім телефоны: 50-40-49.
Суреттерді түсірген Орталықтың баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему