Көші-қон заңнамасын бұзған
23 Января 2017 (13:59) | 2103 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) Өзбекстан Республикасының азаматы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы А. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.
Сот отырысында А. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы қолданылған. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему