Сабаққа 40 сағат қатыспаған баланың әкесі жауапқа тартылды
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 20:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сабаққа 40 сағат қатыспаған баланың әкесі жауапқа тартылды

28 Декабря 2016 (22:29) | 2059 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Ж. өзінің ұлын оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жапуаптылыққа тартылды.

Ақтау қаласындағы орта мектептердің бірінің оқушысы 2015-2016 оқу жылында дәлелді себептерсіз 40 сағат сабаққа қатынаспаған. Осы дерек бойынша оның ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Сот құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген деп танып, оған 14 847 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,-деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему