Ардагерлер мен жас мемлекеттік қызметшілер кездесті
15 Декабря 2016 (17:18) | 2153 | Автор: Нурганым Имашева
9-желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» қарсаңында 7-желтоқсан күні «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Мемлекеттік қызметші болу - мақтанышым» тақырыбында ардагер мемлекеттік қызметшілер мен жас мемлекеттік қызметшілердің кездесуін ұйымдастырды.
Шараға Маңғыстау облысында жоғары лауазымды қызметтер атқарған бүгінгі күні зейнеткерлікке шыққан Тергеу Айдарханов, Қайролла Ережепов, Сақып Керелбаев, сондай-ақ Түпқараған аудандық маслихатының хатшысы Айкүміс Досанова және «Жастар Жетістіктері» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова қатысты.
Кездесуге барлық басқармалардан қызметке келгеніне 3 жыл толған үлгілі жас мамандар шақырылды.
-Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар мен ардагер мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас орнату, мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін көтеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.
9-желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні», осыған орай аталмыш басқосу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру бағытында ұйымдастырылды, - дейді «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова.
Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюросының Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Ақмарал Сванбаева қатысып, мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы өзгерістер және Әдеп Кодексінің негізгі бағыттары туралы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясының» негізгі міндеттері талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Шақырылған қонақтар мемлекеттік қызметке келу жолдарына тоқтала отырып, өз бастарынан өткен қиыншылықтар мен қызықты сәттерге тоқталды.
Мемлекеттік қызметті атқаруда жауапкершілік, қызметіне адал болу, өз ісін тиянақты орындау - өте маңызды екендігін атап өтті.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему