Ақтаулық өртсөндірушілер мен жол полициясы арнайы көлікті өткізбейтін жүргізушілерді анықтау бойынша рейд ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 15:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық өртсөндірушілер мен жол полициясы арнайы көлікті өткізбейтін жүргізушілерді анықтау бойынша рейд ұйымдастырды

30 Марта 2017 (17:23) | 2189 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Облыс орталығында өрттен құтқару қызметі және жол полициясының қызметкерлері күні кеше қала ішінде арнайы қызмет көліктеріне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша бірлескен рейд өткізді.

Өрт сөндіру қызметі орналасқан 23 – ші шағын ауданнан басталған рейд барысында арнайы көлік ішінде отырып, тілшілер қауымы біраз жайттың куәсі болдық.

Автокөлік жүргізушілерінің арнайы көлікті өткізбеуі сияқты теріс әрекетіне тосқауыл қоюға арналған мұндай рейдтер бұдан бұрын да бірнеше рет өткізілген болатын.

Жол-патрульдік қызметінің мамандары өртсөндірушілердің арнайы көлігін өткізбеген автокөлік иелерін тоқтатып, оларға хаттамалар толтырды.

Айыппұлдар салу арқылы бұл тұрғыдағы көзделген жауапкершіліктің салдарын ұғындыруға тырысты.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандарының мәлімдеуінше, шақырту бойынша асығыс кетіп бара жатқан арнайы көліктерді жолда өткізбеу мәселесі Ақтау қаласы үшін өзекті екені анық.

Бірлескен бірнеше рейдтер ұйымдастырудың нәтижесінде көлік жүргізушілердің аталған мәселеге түсіністікпен қарауы байқалды. Апта басында ұйымдастырылған рейд барысында арнайы көліктің жүргізушілері жол үстінде көліктің төбесіндегі жарықты жағумен қатар, дыбыстық дабылды да қосып қозғалды.

Жол полициясының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің өртсөндірушілердің әскери техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуін жіті бақылап отырды.

Сөйтіп, жол полициясымен қатар қозғалған ТЖ саласының арнайы көліктер шеруі Ақтаудың 30 шағынауданына қарай бет алып, негізгі орталық жолдарымен жүріп өтті.

Өртсөндіру қызметінің мамандары тек жол бойындағы кедергілерге назар аударып қана қоймай, сонымен қатар тұрғын үйлердің жанына арнайы көліктің жақындап баруына кедергі келтіретін жайттарға да тоқталды. Рейд барысында анықталғаны - 30 шағынауданның 158-159 үйлерінің алдына екі жағынан бетон блогы қойылып, көлік кіретін жол жабылыпты. Мұны үй ауласында балалардың ойнайтынын ескеріп, қауіпсіздік шарасы ретінде қойғаны екені түсінікті, алайда, қауіп төнген шақта жедел жәрдем де, өртсөндіру көлігі де аталған екі үйдің бірде-бір подьезіне жақындап бара алмайтыны анық көрініп тұр.

-Мына өздеріңіз көріп тұрғандай, аталмыш үйлердің аумағында жолдың екі жағынан темір бетондар қойылған. Осы үйлерге шақырту түскен кезде өртсөндіру қызметінің мамандарына да, медицина қызметкерлеріне де осы бетон блоктарының кедергі болатыны анық.

Бүгін өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін кедергісіз өткізу қажеттігін ескертуге арналған рейд ұйымдастырылуда. Осыған сәйкес жол-патрульдік қызметінен 3 экипаж және өрт сөндіру қызметінің арнайы техникалары жұмылдырылған.

Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – шақыртуға бара жатқан арнайы көлікті өткізбеу салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғасының алдын алу.

Осы рейдті ұйымдастыру арқылы жүргізушілерге арнайы көлікті дер кезінде өткізудің маңызын түсіндіріп, мұның соңында көмекке зәру жанның өмірін сақтап қалуға ұмтылыс әрекеті тұрғанын ұғындыруды көздейміз, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін ұйымдастыру бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Қанат Есназаров.

Дабыл қағып, шақыртуға асығып бара жатқан арнайы көліктерге жол бермеген жүргізушілерді полиция қызметкерлері жол бойында тоқтатып, ескерту жасады және оларға хаттама толтырумен заңмен көзделген мөлшерде айыппұл салды.

Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патруль полициясының қызметкері кіші сержант Ақжәми Ақмолдаев:

- Бүгінгі рейд барысында тәртіп бұзған 4 автокөлік иесі анықталды, әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 598 бабының 2 бөлігі бойынша сол 4 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заңмен осындай құқық бұзушылықтар үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Жүргізушілерге ескертеріміз – арнайы көлік: жедел жәрдем немесе өрт сөндіру техникасы әрдайым шұғыл шақырту бойынша асығыс кетіп бара жатады, сондықтан оларға дер кезінде жол беру арқылы өткізіп жіберу – әрбір көлік иесінің міндеті. Өйткені, арнайы көліктің дер кезінде көмекке келіп үлгеруі – біреудің өмірін аман сақтап қалуға себеп болуы мүмкін. Осыны әркез есімізде сақтайық! – деді.

Өртсөндіру қызметінің мамандары: «Ақтау қаласының жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, дабыл дыбысымен келе жатқан өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін кедергісіз өткізу қажеттігін ескертеміз.

Осы арқылы көмекке зәру адамдарға дер кезінде қол ұшын созуымызға мүмкіндік жасалатынын түсіндіргіміз келеді. Бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ең бастысы – өрт сөндірушілер үшін әрбір секундтың қымбат екенін автокөлік иелері-жүргізушілер әрдайым естен шығармаса болғаны», - дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему