Карантин кезінде көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынады
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 17:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Карантин кезінде көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынады

5 Июня 2020 (18:37) | 2594 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов айтты.

 

 

 

Маңғыстау облысында 2020 жылдың наурыз айынан  бастап бүгінгі күнге дейін   коронавирус инфекциясын жұқтырған  319  адам анықталып,  оның 1 жағдайы өліммен аяқталды.  

 

Облыста   мамыр айынан бастап атап айтсақ, апталық аурудың өсу қарқыны 59,3% тен  140,7% өскендігі байқалды, яғни эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр.

 

Бұл инфекцияның тіркелуі облыстың барлық қала мен аудандарында  анықталды.

Аурудың жоғары деңгейі Бейнеу ауданында – 124, Қаракия ауданында –47, Жаңаөзен – 33, Ақтау қаласында – 80, Мұнайлы -18, Маңғыстау

ауданы- 13, Түпқараған – 5. 

 

Эпидемиологиялық талдау қортындысы бойынша инфекция жұқтырғандардың 63,6 пайызы тығыз қарым-қатынаста болғандардың арасынан табылып отыр.

 

 

 

-Сол себепті облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері  ретінде, тұрғындарға айтарым, індеттің тұрақталғанына дейін, көпшілік жиналатын орындарға, той, садақаларға, ас беру және де басқа іс шараларға қатыспауыңызды сұраймын.

Сонымен, бірге  әлеуметтік желілерде айтылып жатқан, митингтерге өз денсаулықтарыңыз және жанұя, туыстарыңыздың ауырмауы үшін, шықпауыңызды сұраймын.

Азаматтардың топтасқан митингтерге, басқа да іс-шараларға қатысып, одан кейін әр түрлі инфекциялық аурудың таралуына жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін, - деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему