Заңды орындау - міндет!
11 Декабря 2016 (09:22) | 2172 | Автор: Нурганым Имашева
Баршамызға мәлім, шетелдік не азаматтығы жоқ адамның оған қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамауы әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 393 бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген.
-Мысалы, «Ж» есімді Өзбекстан Республикасының азаматшасы ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығару және ҚР-ның аумағынан 7 күн мерзім ішінде кетуі міндеттелген. Аталған қаулы заңды күшіне енсе де, «Ж» есімді азаматша кетуге ешқандай әрекет жасамаған. Осы жасалған қылмыстық әрекеті үшін Ақтау қалалық сотының үкімімен «Ж» есімді азаматша кінәлі деп танылып, ҚР-ның шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Сондықтан, заң талаптарынан жалтармай, қаулы немесе сот шешімі уақытылы орындалуы тиіс, - деп ескертеді Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры 2-ші сыныпты заңгер Қ.Қаракүшікова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему