Ақтауда тоғызыншы рет дзюдодан «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық жарыс басталмақ
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 15:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда тоғызыншы рет дзюдодан «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық жарыс басталмақ

16 Мая 2017 (14:08) | 2289 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығында 16-17 мамыр күндері дәстүрлі түрде тоғызыншы рет дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир бастау алады. Спорттық доданың салтанатты ашылуы 16 мамыр күні сағат 12:00-де 1 шағынаудандағы «Теннис орталығында» өтеді.

 

Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан келген спортшылар мен Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Ресей мемлекеттерінен жиылған 2002-2004 және 2005-2007 жылы туған 600-ге жуық балуандар қатысады деп күтілуде. Бұл туралы облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен баспасөз мәжілісінде белгілі болды.

 

- 16-17 мамыр күндері өтетін халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирінде облыс намысын 67 ұл мен 25 қыз бала қорғайды. Халықаралық деңгейде өткізілетін турнирдің басты мақсаты-көршілес елдердің өзара ынтымағы мен қарым-қатынасын нығайтып, спортшылардың біліктілігін шыңдау.

 

Бұл турнир алғашында республикалық, халықаралық деңгейде Шетпеде өткізілді. Кейін облыс орталығы Ақтау қаласында ұйымдастыруды қолға алдық. Жыл санап жарысымыз географиялық тұрғыдан ауқымы кеңейіп, қатысатын мемлекеттердің, спортшылардың қатары көбейіп келеді.

 

 

Бұған дейінгі турнирлерде біздің облыстың балуандары командалық есепте жақсы көрсеткіш көрсетіп, үмітімізді ақтады. Бұл жолы да жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деп сенеміз. Осы кезге дейін біз турнирімізді жастар немесе үлкен жасөспірімдер арасында ұйымдастырсақ, бұл жолғы ерекшелігі-жарысымыз кіші жасөспірімдер арасында өтеді. Кіші жөсөспірімдерді алдағы уақытта өтетін Олимпиада, Азия ойындарына қатысуына баулу бағытында десе де болады. Аталмыш жарыстан топ жарып, 1,2,3 орынды иеленген жеңімпаз балуандарға «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі,-деп мәлімдеді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

 

Пресс-конференцияда «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалімен ҚР-да дзюдо күресінің дамуына қосқан үлесі үшін Сергей Волобуев, Берік Жетпісбаев және облыстық «Маңғыстау» газетінің фототілшісі Ақерке Алиева, «Халықтар достығы» медальімен Әзірбайжаннан келген команда жетекшісі Заур Бабаев марапатталды.

 

Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему