Шаруаларға берілетін субсидия көлемі артты
Курс валют в Актау
на 03/01/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
3 Января, 02:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шаруаларға берілетін субсидия көлемі артты

6 Мая 2014 (04:37) | 8402 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Балтабековтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемі әжептеуір артып отыр. Аталған көмек әсіресе бау-бақша өсіруде тамшылата суару сияқты жаңа технологияларды қолданатын шаруларға көбірек берілмек. Бұл жаңалық маңғыстаулық шаруаларды қуантып отыр.

 

«КаспийАгроКомпани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талант Нұразбаев былтыр «Жыл фермері» атанған болатын. Ол жеті-сегіз жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруа негізінен көкөніс түрлерін өсіреді. Ақпан айында еккен қиярлары пісіп, жинап алып жатыр. Бұрын жылына 300 келі көкөніс жинап алса, жаңа технологияға көшкелі бері өнім көлемі ұлғайып, 3 есеге дейін өсіпті. Жылыжай басшысы шаруашылыққа тамшылата суару әдісімен қоса тағы бір тың тәсілдерді енгізіп, тиімділігін байқапты.

 

Талант, Нұразбаев, жылыжай кешенінің директоры:
-Біз көкөніс тұқымын топыраққа емес, кәдімгі пальманың шіріндісінен жасалған арнайы препаратқа егеміз. Ол Шри-Ланкадан әкелінеді. Мұның тиімділігі – бойындағы ылғалды ұзақ уақыт ұстап тұра алады. Ал, қолдану мерзімі біткен соң егін алқаптарына апарып, тыңайтқыштың орнына пайдалануға болады. Әрі аталған шірінді экологиялық таза өнім болып саналады.

 

 

Судың тапшылығы мен жердің құнарсыздығынан аймақта егін шаруашылығы кенже дамыған. Маңғыстауда тек бақша дақылдары мен көкөніс түрлері ғана өсіріледі. Шөлейтті өңір үшін ең тиімдісі – суды барынша үнемдейтін тамшылата суару әдісі екенін түсінген басшылық егін егілетін аумақтың 70 пайызын осы технологияны қолданушы шаруаларға беріп жатыр. «Мақсатымыз – ауылшаруашылығына жаңа әдістерді енгізу арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру. Бұл өңір тұрғындарын жергілікті азық-түлікпен қамтып қана қоймай, шағын және орта бизнестің өркендеуіне де мүмкіндік бермек»,-дейді сала басшылары.

 

Талғат Балтабеков, Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру мақсатында біз беріп отырған субсидияларды көбейтіп отырмыз. Субсидия көлемі биыл былтырғыға қарағанда екі есеге өсті. Жалпы, биылғы егін шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 112 млн теңге бөлініп отыр. Ал, былтыр 56 миллион теңге ғана бөлінген болатын.

 

 

Бүгінде Маңғыстауда 100-ге тарта шаруа егін шаруашылығымен айналысады. Олардың санын көбейтіп, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында әр ауданнан агроөнеркәсіп аймақтары салынбақ. Онда шаруалардың өз ісін бастап кетуіне барлық жағдай жасалатын болады. Арнайы жер бөлініп, оған инфрақұрылым жүргізіледі. Шаруа тек келеді де, өзі қалаған егін түрін өсіруге кірісіп кете береді. Жоба мақұлданса, бұл шаруа биылдан қалмай басталады. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему